НҰР -СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин Нұр-Сұлтанда Қазақстан премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуінде ел басшылығына орыс тіліне қамқорлық жасағаны үшін алғысын білдірді.
"Сондай-ақ Сізге және Қазақстанның барлық басшылығына орыс тіліне қамқорлық жасағаны үшін алғыс айтқым келеді. Қазақстанда орыс тілі ресми мәртебеге ие. Ол мемлекетаралық және ұлтаралық қарым-қатынастың негізгі құралы болып отыр. Біздің адамдар мен отбасылар арасындағы көп жоспарлы байланыстарды нығайтуға ықпал етуде", - деді Мишустин Маминмен кездесуде.
"Мен үшін Қазақстанға әрбір сапарым ерекше маңызға ие. Біз достықты, қазақстандық серіктестерімізбен бауырластық, одақтастық қарым-қатынасты жоғары бағалаймыз", - деді Ресей үкіметінің басшысы.
Ол сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан да жоғары деңгейге көтеруге, оны жаңа перспективалы бірлескен жобалармен нығайтуға қызығушылық білдірді.