НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстан мен Ресей премьер-министрлері Асқар Мамин мен Михаил Мишустин арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды, деп хабарлады РИА Новости.
Тараптар сондай-ақ Тарутинский және Шығыс Тарутинский кен орындарындағы шекаралық аумақта шаруашылық қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері туралы үкіметаралық келісімге қол қойды.
Қол қойылған құжаттардың қатарында "Сколково" Мәскеу басқару мектебі, Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі мен "Астана" халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі арасындағы Қазақстанда тұрақты даму мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандум және "Башқұрт сода компаниясы" АҚ мен "Каустик" компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы бас келісім бар.