Экономика

Коммуналдық қызметтер тарифі неге өсіп жатыр

© Sputnik / Владислав Водневшам
шам - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Жазылу
Энергетика министрлігі жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне жол бермейді

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Қазақстанда коммуналдық қызметтердің тарифі неге өсіп жатқаны туралы табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасы міндетін атқарушы Асхат Жапсарбай айтып берді.

Болжам бойынша елімізде 1 қыркүйекте коммуналдық қызметтер тарифі орташа 3,5%-ке өседі. Өңірлерде көрсеткіш осы межеде ауытқуы мүмкін.

"Тарифтің шекті деңгейіне көмір, газ, электр энергиясы, мазут сияқты стратегиялық маңызы бар тауарлардың бағасы әсер етеді. Мысалы, жылу және электрмен қамту қызметінің шекті тарифін жанар-жағар майдың өзіндік құнының 50 проценті құрайды. Газбен қамтудың шекті тарифінің 80 проценті газдың көтерме бағасына байланысты", - деді ол брифинг барысында.

Оның айтуынша, тарифтердің өсуіне тауарлы газдың көтерме бағасының 10%-ке өсуі, энергия өндіруші кәсіпорындардың электр энергиясы тарифін орташа алғанда 15%-ке қымбаттатуы мен қалпына келетін энергия көзін пайдалану үшін қосылған үстеменің енгізілуі да әсерін тигізіп отыр.

"Энергия өндіруші кәсіпорындардың қалпына келетін энергия көзін пайдалану үшін қосылған үстемесін есепке алғанда жыл басынан бері тариф орташа алғанда 7,2 процентке өсті", - деп атап өтті Жапсарбай.

Реттеуге келмейтін факторлар қатарында табиғи монополиялар субъектілеріне иесіз жүйелерді беру, олардың сенімді басқаруға алынған жүйелердің шығындарын өтеуі, көмір бағасының өсуін атап өтуге болады.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл коммуналдық қызметтер тарифі бағаны ұстап тұру нәтижесінде өткен жылдың деңгейінде қалды. Ведомство жыл соңына дейін коммуналдық қызметтер тарифінің негізсіз өсуіне жол бермеуді жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: "Тарифті ұстап тұру мүмкін емес": президент электр энергиясының бағасына тоқталды

 

Жаңалықтар
0