НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Оккупация кезінде көп ауған америкалық әскерилермен серіктестік орнатты. Ал қазір олар тәлібтердің кек алуынан үрейленіп отыр, деп жазды РИА Новости.
Санаулы ғана Ауғанстан азаматы қосымша аэродром арқылы шет мемлекетке қашып үлгерді. Басқа коллаборационистер америкалықтардан виза сұрап, ол нәтиже бермеген соң, үміт артып басқа елшілікке барды. Бірақ ұзақ жылдар бойы Ауғанстанда өз әскерін ұстаған НАТО елдері одақтастарына бас сауғалауға бірде-бір мүмкіндік бермеді.
Бұл оқиға қайталанып отыр деуге америкалықтардың Сайгоннан дәл осылай кетуі түрткі болып отыр. Сол кезде америкалықтарға қызмет еткен вьетнамдықтар АҚШ елшілігіне басып кіріп, олардың көлігіне лап қойды.
Бүгінде Иракта АҚШ-қа көмек көрсеткен әскери аудармашылар да партизандардың қолынан қаза табуда. Көп жағдайда оларға қысым көрсетіледі де, аудармашылар Америка визасын алуға көмек сұрайды. Бірақ өтініші кері қайтарылған аудармашылар көп ұзамай-ақ жақын-туыстарымен бірге өлі күйінде табылып жатыр. Қазір осылай көз жұмғандар саны мыңнан асып кетті. Америка Ирактан өз әскерін алып кеткеннен кейін олардың басына не күй түсетінін елестетудің өзі қорқынышты.
Америкалық әскерилер де өз үкіметінен оккупацияланған елдерде АҚШ-қа көмек көрсеткен адамдарға жанашырлық танытуды сұрап отыр. Бірақ АҚШ саясаты өзгермейтін сыңайлы.
Америкалық коллаборационистердің тағдыры аянышты. Неге мұндай адамдардың саны артып жатыр? Неге адамдар мұндай лас әрекетке баруда?
Америкалықтар өз одақтастарына берген уәдесін орындамауы жиілеп кетті: мысалы, әскери қақтығыс кезінде көмек қолын созбады. 2008 жылы грузиндер мен 2019 жылы күрділердің басына түскен ахуалды еске алу жеткілікті.
Бірақ ажалға асыққан бұл адамдар бір ғана мәселені түсінбей келеді. Анығырақ айтсақ, түсінуден, өздеріне өздері мойындаудан жүрексінеді. Бұл қарапайым мәселе: олар өздерін қанша жерден космополит деп санаса да, түрлі ұрандарды айқайлап айтса да, отанын "мына ел" деп нұқып көрсетсе де, америкалықтар үшін олар бөтен болып қала береді. АҚШ ешқашан оларды тең серіктес деп қабылдамайды.