Саясат

Тоқаевтың баспасөз хатшысы босқындар туралы: президент шешім қабылдаған жоқ

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.08.2021
Жазылу
Берік Уәлидің айтуынша, ресми өтініш түскен жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетіледі

АЛМАТЫ, 16 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Ауғанстан азаматтарын қабылдау туралы тараған алып-қашпа әңгімеге қатысты түсініктеме берді. 

"Президент Ауғанстан босқындары туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұған қатысты тараған ақпарат негізсіз", - деп жазды Уәли Facebook парақшасында.

Ол дүниежүзілік ұйым басшылығы ресми өтініш білдірген жағдайда БҰҰ қызметкерлеріне ғана көмек көрсетілетінін айтты.

Бұған дейін елдің сыртқы істер министрлігі Қазақстан 70 мың ауған босқынын қабылдайды деген ақпаратты жоққа шығарды.

16 тамызға қараған түні Талибан* қозғалысы Ауғанстан астанасы Кабулды басып алғанын, сондай-ақ соғыстың аяқталғанын хабарлады.

Талибан* - Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді

 

Жаңалықтар
0