Өзбекстан АҚШ-тың әскери базасына айнала ма

© AP Photo / Rahmat GulПалаточный лагерь афганских беженцев
Палаточный лагерь афганских беженцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2021
Жазылу
Кабулдағы қазіргі үкіметке сырттан қолдау көрсету үшін Карши-Ханабад өзбек авиабазасында АҚШ әскери әуе күштерін орналастыру бойынша екіжақты келіссөз жалғасып жатыр

Бұл мәселеде қандай шешім шығарылуы америкалық ұсыныстың ұтымдылығына, Өзбекстан Республикасындағы конституциялық шектеулерді айналып өту әдістеріне, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мен Ресей позициясына байланысты болады.

Ауғанстаннан шетелдік әскер шығарылғаннан кейін "Талибан"* белсенділігі артуы жағдайында Ташкент пен Вашингтонның әскери ынтымақтастығы нығайып жатыр. Өзбек үкіметінің ресми өкілі 12 тамызда америкалық Air Force Magazine басылымына Өзбекстан базасында АҚШ әскери-әуе күштерін орналастыру бойынша келіссөз жалғасып жатқаны туралы хабарлады.

Афганские военные на месте взрыва - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2020
Ауғанстан хроникасы: тәлібтер қаруланып, америкалықтар еліне қайтып жатыр
АҚШ 2001 жылы Ауғанстанда террроризмге қарсы операцияны бастаған кезде америкалық авиация Өзбекстанның оңтүстік-шығысындағы Карши-Ханабад авиабазасын сәтті қолданған болатын. Пентагонның Арнайы операциялар күші, 10-шы атқыштар дивизиясынан шамамен 1000 адам осында орналасты. Америкалықтар авиабазаны жалға алғаны үшін жылына шамамен 10 миллион доллар төледі.

Air Force Magazine мәліметі бойынша, бүгінде Карши-Ханабадта Өзбекстан әскери-әуе күштерінің 60-шы жекелеген аралас авиация бригадасы жайғасқан. Яғни ұшуларға қажетті барлық инфрақұрылым бар. Ауғанстанмен арадағы шекара қашықтығы шамамен 140 километр. Бұл жеткілікті деңгейде қауіпсіздік аймағын қамтамасыз етіп, тәлібтердің позицияларына авиа соққыларды орындау үшін қажетті уақыт пен жанармайды үнемдеуге (Катармен салыстырғанда) мүмкіндік береді.

Бірақ АҚШ әскери авиациясының Өзбекстанға қайта оралуы оңай болмайды. Бұл 2005 жылдың 12-13 мамырында Андижан қаласында болған қырғынға, сондай-ақ америкалық сенаторлар мен әскери-әуе күштерінің тәуелсіз елдің ісіне араласуына (қарулы өзбек содырлары мен діни экстремистерді Қырғызстанға және одан әрі Румынияға эвакуациялау) ғана байланысты емес. Конституция мен әскери доктрина Өзбекстан Республикасының аумағында шетелдік әскердің орналасуына жол бермейді. Сонымен қатар Орталық Азияда әрбір мемлекет, Ресейді қоса алғанда, өз одақтастары мен стратегиялық серіктестері алдында жауапкершілікке ие болатын белгілі бір қауіпсіздік жүйесі қалыптасып үлгерді. Ал Ресей Федерациясын өзінің 2030 жылға дейінгі бас қарсыласы ретінде бегілеген АҚШ әскерінің өңірде болуы Ресейдің, ҰҚШҰ құрамындағы Орталық Азия елдерінің, Өзбекстан мен Түрікменстанның ұлттық қауіпсіздік мүддесіне сәйкес келмейді.

Тамыздың бірінші онкүндігінде Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан қарулы күштері Ауғанстан шекарасына жақын маңдағы Термез және Харб-Майдон полигондарында арнайы күштер, броньді техника, артиллерия және соққы жасаушы авиацияны тартып, бірлескен маневрлер сериясын өткізді. Олар Оңтүстік стратегиялық бағытта жауынгерлік интеграцияны күшейтуге дайын.

Өзбекстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қайта оралуға асығар емес. Бірақ кез келген уақытта осындай шешім қабылдауы ықтимал екенін атап өту керек.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Саясат
Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Орталық Азияда қалыптасқан жағдайды есепке алу арқылы 10-12 тамыз аралығында Қорғанда Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан шекара әскерінің "Достастық-2021" штабтық-командалық бірлескен оқу-жаттығуы өтті. Әскери шараға қатысушылар парашютсіз десанттау, соғыс кезінде оқ атуды қарастыратын тактикалық жаттығулар, пилотсыз ұшатын аппаратты қолдану сынды әрекеттерді пысықтады. "Достастық-2021" оқу-жаттығуы ТМД елдері қауіпсіздігін нығайтуға, шекараны күзету жүйесінің бүтіндігін арттыруға бағытталған.

Біраз бұрын ресейлік нұсқаушылар Термез бен Сазаған полигондарында Өзбекстан Қарулы күштерінің 300-ден астам сарбазын дайындықтан өткізді. Бағдарлама мотоатқыштар бөлімшелерінің құрамында күндізгі және түнгі уақытта тактикалық жаттығуды, модернизацияланған БТР-82 қолдану арқылы соғысқа дайындықты, гранатомоттен оқ атуды, пилотсыз ұшатын аппараттарды қолдану арқылы артиллерия оқ атуын басқаруды қамтыды.

Өзбекстан мен Ресей жыл сайын әскерді жедел және жауынгерлік даярлау бойынша 70-тен астам бірлескен іс-шара өткізеді. Ташкент пен Мәскеудің әскери ынтымақтастығы өңірдегі тұрақтылықты сақтауда маңызды рөл атқрады.

Ауғанстан Ислам Республикасындағы қиян-кескі қақтығыс, тәлібтердің жаңа "эмират" құру жоспары Ресей Федерациясы мен Өзбекстан Республикасының сыртқы саяси позицияларын жақындастыра түсті. Екі елдің қорғаныс ведомстволары 28 сәуірде 2021-2025 жылдарға арналған әскери саладағы стратегиялық бағдарламаға қол қойды. Бұл құжат әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша екіжақты шараларды, халықаралық терроризмге қарсы бірігіп күресуді, Өзбекстан армиясының жауынгерлік әлеуетін күшейтуді қарастырады.

АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин мен Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов 1 шілдеде терроризмге қарсы күрес жайын талқылап, екі ел арасындағы қауіпсіздік саласындағы стратегиялық әріптестікті бекітті. Остин Америка "қауіпсіздік мәселесіндегі ортақ проблеманы шешу үшін" Орталық Азия елдерімен жұмыс істеуді жалғастыра беретінін айтты.

Ортақ проблема - Ауғанстан. Air Force Magazine журналымен ақпарат бөліскен өзбек әскери шенеунігі 1 ішлдеде Остин мен Камилов тәлібтерді тежеу үшін Өзбекстанда АҚШ әскерін орналастыруды да талқылағанын айтты. Бірақ біраз бұрын Ташкентте Өзбекстан қорғаныс минситрлігінің ресми өкілі қорғаныс саласындағы негізгі құжаттарда ел аумағында шетелдік әскери күшті орналастыруға тыйым салынғанын ескерткен болатын.

Мамырда өзбектердің келісімін ала алмаған америкалықтар бұл мәселені қозғауды әлі де доғарар емес. Жалпы әскери аэродромды басқа елдің аумағына көшіру Ауғанстандағы әскери іс-әрекеттің желісін өзгерте алмайды және ол өңірлік қауіпсіздікке үлкен нұқсан келтіретіні анық. Сол себепті Ауғанстан америкалықтардың өңірде өз әскерін қалдырудың жай ғана сылтауы болуы әбден мүмкін.

*– Қазақстан Республикасында, Ресей Федерациясында және тағы бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0