Өңірлер

Екібастұзда сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойды

© Sputnik / Владислав ВодневДевочка смотрит в окно
Девочка смотрит в окно - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылды

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Екібастұз қаласында сегіз жасар қыз абайсызда аккумулятор қышқылын ішіп қойған. Кәмелетке толмаған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.

Игрушка в руках ребенка - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2020
Оқиға
Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде өткен тәулікте екі жазатайым оқиға тіркелген. Одан екі адам зардап шекті.

"Мәселен, 12 тамыз күні сағат 09.40-та Екібастұз қаласының ауруханасына 2013 жылы туған кәмелетке толмаған бала жатқызылды. Ол өз үйінде абайсызда аккумулятор қышқылын ішкен", - деді баспасөз қызметі.

Сол күні сағат 09.10-да Екібастұз қаласындағы пәтерде 41 жастағы тұрғын абайсызда аммиак қышқылын ішіп қойған.  Ер адам ауруханаға жатқызылды.  

Жаңалықтар
0