Оқиға

Шымкентте үш жасар бала бензин ішіп қойды: дәрігерлер жағдайын айтты

© Photo : РixabayИгрушка в руках ребенка
Игрушка в руках ребенка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Қазіргі кезде токсикологтардың жіті бақылауындағы бүлдіршіннің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Шымкентте бір сәтке ата-ана бақылауынсыз қалған бала бензин ішіп, уланып қалды. Қазіргі кезде ол қалалық гипербариялық оксигенация орталығында ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды жергілікті Otyrar.kz сайты.

"Ауыз қуысы мен өңешін және асқазанын күйдіріп алған бүлдіршін Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығына жеткізілді", – делінген ақпаратта.

Дәрігерлер көмегімен аман қалған баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Токсикологтардың жіті бақылауындағы бүлдіршін ем қабылдауды жалғастыруда.

Қазіргі кезде ол өздігінен тамақтана алатындай мүмкіндікке ие болған. Бірнеше күннен кейін ауруханадан шығарылады деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз: Үйлену тойында қонақтар жаппай уланды – қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтар
0