Ауғанстан: Шойгу мен Байден қарсы күресуге шақырды

© AP Photo / Rahmat GulАвтомат в руках афганского ополченца в Мазари-Шарифе
Автомат в руках афганского ополченца в Мазари-Шарифе - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Жазылу
Орталық Азия шекарасында – Ауғанстан аумағында – сыртқы шекара (есірткі трафигі) мен он провинцияға толық бақылау жүргізіп отырған террористік мемлекет қалыптасып жатыр

АҚШ пен НАТО әскерінің ауған жерінен жылдам шығарылуы елдегі онсыз да шиеленіске жағдайды ушықтырып, террористік белсенділіктің артуына алып келді. Тәлібтер өткен бес күнде 13 провинция - Газни, Нимроз, Джаузджан, Сари-Пуль, Кундуз, Тахар, Саманган, Фарах, Баглан, Бадахшан, Герат, Кандагар мен Гильмендтің астаналарын басып алды. Оның ішінде жетеуі ссолтүстікте орналасқан.

Афганский полицейский дежурит на заставе, установленной против боевиков Талибана в Каджаки - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Тәлібтер түрік әскерінің ауған жерінде қалуына қарсылық танытты
Жалпы "Талибан"* Ауғанстанның 34 провинциясында өз билігін жүргізіп жатыр. Каулды қоса алғанда, әкімшілік орталықтар қоршауда тұр. Үкіметтік армияның арсеналы біртіндеп тәлібтердің қолына көшіп жатыр. Осы күрделі жағдайды ескеріп, Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу сейсенбіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын Ауғанстаннан содырлар легінің тарауына дайын болуға шақырды. Министр Тәдікстан мен Өзбекстан қарулы күштерінің соғысқа дайындығы "Талибанның"* шекараны бұзбау, іргелес ел аумағына шабуыл жасамау туралы уәдесіне негізделмеуі керек екенін ескертті.

Тәлібтердің арандату жүргізуі ықтимал. Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресейдің қорғаныс министрлігі Ауғанстан шекарасының жанында манервлер сериясын өткізуді жалғастыра береді.

Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің бас штабы тамыздың басында Өзбекстан мен Тәжікстан территориясында өткен бірлескен оқу-жаттығулардың қорытындысын, авиация, барлау-соққы жасау кешендері мен десанттарды жаппай жұмылдырумен өткен іс-қимылдарды бағалады.

Америка президент Джозеф Байден Ауғанстандағы жағдайға алаңдаушылық танытып, 11 тамызда Ислам мемлекетінің үкімет күштеріне өз елі үшін тәлібтермен өз бетінше күресуге шақырды.

Сонымен қатар Байден ауған қорғаныс министрі Бисмилла Хан Мұхаммадиді "нағыз күрескер" деп атап, "20 жыл ішінде біз триллионнан астам доллар жұмсап, 300 мыңнан астам ауған әскериін заманауи қару-жарақпен жабдықтадық... Мыңдаған америкалық сарбаз мерт болды" деген пікір айтты.

АҚШ соғысты аяқтады және екі онжылдықтың нәтижесіз болуына қарамастан, Вашингтон бұған өкінбейтін сыңайлы. Американың Ислам республикасында бұдан кейінгі көмегі елеусіз болады. АҚШ әскери-әуе күштерінің сырт жақтан тәлбітердің позициялары бойынша жасаған соққылары өзгеріс әкелмейді және бейбіт тұрғындардың көз жұмуына себепші болуы мүмкін.

Пентагон Кабул үш айдың ішінде тәлібтердің билігіне өтеді деп болжап отыр. Вашингтон Ауғанстандағы АҚШ елшілігін жабуды және америкалық дипломаттарды тамыздың соңына дейін елге қайтаруды қарастырып жатыр. Пентагон дипломаттарды ауған жерінен шығару кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 3 000 әскериді Ислам еліне жөнелтті.

11 тамызда Ауғанстан президенті Ашраф Гани солтүстіктегі Блх провинциясының астанасы Мазари-Шарифте Абдул Рашид Дустум және Атто Мұхамади Нурмен халық жасағын үйлестіру, жабдықтау және орналастыру бойынша келіссөз жүргізді. Дәл сол күні Гани Хайбатулла Ализайды Ауған армиясы штабының жаңа басшысы етіп тағайындады.

Американский солдат идет по строящейся дороге возле Баграма, примерно в 60 км от Кабула, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
ҰҚШ-ның шұғыл тобы тәжік-ауған шекарасында жұмыс істеп жатыр
Тәлібтерге қарсы қақтығыс ұйымдастырып жатқандар барлық провинцияда кездесіп жатқан жоқ. Мысалы, оңтүстіктегі Урузган провинциясының әкімшілік орталығы Таринкот 12 тамызда еш қарсылықсыз тәлібтерге берілді. Шығыстағы Газни провинцияның губернаторы Дауд Лагмани провинцияны содырларға тапсырғаны үшін қамауға алынды.

БАҚ батыстағы Фарах провинциясында губернатор мен бірқатар шенеунік "Талибан"* қозғалысына қарсылықсыз берілгенін жазды. Ислам республикасы көз алдымызда қирап жатыр. Соғыс жүріп жатқан провинциядан қашқан мыңдаған босқын Кабулдағы мешіттерді паналап жатыр.

Тәлібтердің жаңа ауған мемлекетін құру үшін күші де, уақыты да жеткілікті секілді. 1992 жылы кеңес әскері Ауғанстаннан кеткеннен кейін үш жылдан соң ғана моджахдтер (партизандар) Кабулға кіргенін еске салған жөн. Артынша арадағы келіспеушілік салдарынан 1994 жылы бұрынғы моджахед молда Омар Кандагарда "Тлибан"* негізін қалады. 1996 жылы тәлібтер билікке келді.

Ауқымды халықаралық терроризм 2001 жылы америкалық "егіз" мұнараны құлатудан басталған жоқ. Ол 1995 жылдың тамызында Қазан әуе компаниясының Ил-76ТД ресейлік жүк ұшағын күштеп қондырудан басталды. Сол шақта "Талибанның" жойғыш авиациясы күшіне енген болатын.

Ауғанстан "ислам Эмираты" режимінде өте жылдам "Әл-Каида", "Ислам мемлекеті" және басқа да террористік ұйымдардың орталығына айналып кетті. "Талибанның"* халықаралық статусын есепке алсақ, бүгінде Орталық Азия шекарасында дінді өз қажеттілігі үшін бұрмалап алған террористік мемлекет құрылып жатыр деп айтуға толықтай негіз бар.

Ресей мен Орталық Азия елдері Ауғанстанмен тату көршілік қарым-қатынаста тіршілік етуді қалайтыны анық. Әйтсе де шекараны нығайтып, қорғау қабілетін арттыру, орта ғасырлық "қараңғылықтың" іргелес ел аумағына ығысуына төтеп беруге дайын болудың еш артықтығы жоқ. Тәлібтер билікке келіп, Ауғанстанды өз қалауына қарай өзгерткен соң, олар міндетті түрде әлемді "жетілдіруге" бет бұрады. Сол кезде дайын болмаған немесе әлсіз қаруланған көрші мемлекеттердің жағдайы мәз болмайды.

"Талибан", ИМ, Әл-Каида* – Қазақстанда, Ресейде тыйым салынған террористік ұйымдар

Жаңалықтар
0