ҰҚШ-ның шұғыл тобы тәжік-ауған шекарасында жұмыс істеп жатыр

© AFP 2024 / JOEL SAGETАмериканский солдат идет по строящейся дороге возле Баграма, примерно в 60 км от Кабула, Афганистан
Американский солдат идет по строящейся дороге возле Баграма, примерно в 60 км от Кабула, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығару процесінің 90%-і орындалды. Тәлібтер сенімді түрде билікке ұмтылуда. Ресей қарулы күштері мен ҰҚШҰ құрлымдары өңірдегі жағдайдың күрт нашарлауына қатысты жедел әрекет етуге дайын тұр

Sputnik агенттігіне Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының баспасөз қызметінде хабарлағандай, ұйымның шұғыл тобы Тәжікстанның оңтүстік аудандарын аралап, тәжік әскерінің қолбасшыларымен кездесулер өткізеді.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Ауғанстандағы жағдайды жіті назарда ұстап отырғанын және ҰҚШҰ аясындағы міндеттемелер толығымен күшінде қалып отырғанын хабарлады. Дипломаттың айтуынша, РФ одақтастардың шекарасына қауіпті топтардың өтуіне жол бермес үшін Тәжікстанның Ауғанстанмен шекарасында ресейлік әскери базаның мүмкіндіктерін қолдануға дайын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2019
Оқиға
Тоқаев ауған халқына көңіл айтты
Екі күн бұрын ұйымның Біріккен штабының басшысы генерал-полковник Анатолий Сидоровтың жетекшілік етуімен ҰҚШҰ шұғыл тобы тәжік-ауған шекарасындағы жағдайға мониторинг жүргізу үшін Тәжістанға келді. ҰҚШҰ баспасөз қызметі хабарлағандай, алдағы күндері Тәжікстанның оңтүстік аудандарындағы дала аймақтарын аралау, Қорғаныс министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің шекара әскері, сондай-ақ Тәжікстан Республикасындағы басқа да мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен кездесу өтеді. ҰҚШҰ-ның оңтүстік аумағында террористік қауіп күшейіп келеді.

Тәлібтер 6 шілдеде түрікмен шекарасына шығып, іргелес жатқан елдердегі қауіпсіздікке кепілдік етті. Алайда ертесіне-ақ Түрікменстанмен шекарадағы Бадгис провинциясындағы түрмеге шабуыл жасап, қауіпті қылмыскерлерді босатып алды. Бүгінде солтүстік-батыс Бадгис провинциясындағы барлық аудан содырлардың бақылауына өтті.

Біраз бұрын тәлібтердің өкілі Забибулла Муджахед Кабулдағы үкімет Ауғанстанның солтүстігіндегі ауданды өз бақылауына қайтара алмайтынын мәлімдеді. "Талибанның"* Кабулмен арадағы бейбіт келіссөздерінің  аяқ асты болуы және үкімет күштерімен қиян-кескі шайқасты қайта жаңғыртуы аясында террористердің бейбітшілік пен қауіпсіздік жайлы мәлімдемелерінің құны жоқ екені байқалады.

Кабулдағы "Афганистан.Ру" басылымының дереккөзі тәлібтердің үшінші елдерге зақым келтірмеу туралы уәдесіне сенуге болмайтынын айтты: "Іс-әрекетіне тыйым салынған террористік топтың уәделеріне қалай сенуге болатыны түсініксіз". Әрі десе "Талибан"* Ислам мемлекеті* және Әл-Каидамен байланысын әлі үзбегенін де есепке алу керек. Бұл Орталық Азия елдеріне қауіп төндіріп тұрған террористік одақ іспеттес.

Тәжікстан, Өзбекстан мен Түрікменстан шекарасындағы солтүстік провинцияларда содырлардың белсенділігі артуы көрші елдерге қауіп төндіріп тұр. Тәлібтер болмаса да, Ислам мемлекеті* және Әл-Каида "Талибанның"* иелігіндегі территорияны солтүстікке шабуыл жасау үшін қолдануы ықтимал. Тәжікстан шекарасына жақын Бадахшанда "игилдік" содырлардың көп шоғырланғаны белгілі. Бұл әскери техника жүре алмайтын, алайда ауған содырларының Тәжікстанға өтуіне аса қолайлы аудан.

The Wall Street Journal басылымы Тәжікстанның "бас сауда қақпасын" басып алғаннан кейін тәлібтер шекарадағы қалыпты жұмысты жаңғырту үшін тәжік және өзбек елінің билігімен байланысқа шыққанын жазды.

США уходят из Афганистана: террористы и наркотрафик остаются - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан жерінен шығарылды: елде жағдай қалай өзгерді – видео
Біраз бұрын америкал FDD's Long War Journal порталы түрікмен, өзбек және тәжік шекарасына жақын орналасқан провинциялардағы барлық дерлік уезд тәлібтердің бақылауында тұрғанын жазды. Осылайша "Талибан"* Душанбе, Ташкент және Ашхабадқа қандай да бір саяси немесе экономикалық мәселе бойынша шарт қоя алатын мүмкіндігі бар. Сол себепті Ауғанстандағы "қос билік" Ресей мен оның Орталық Азиядағы одақтастарына еш жақсылық алып келмейтіні анық.

АҚШ Ауғанстаннан өз әскерін шығаруды аяқтап қалды. Пентагон авиациясы 980-нен астам жүк тасымалы рейсін орындап, 17 мыңға жуық жабдық пен техниканы шағырды. Шетелдік күштің елден кетуі содырларға жігер сыйлап отырғаны жасырын емес.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани тәлібтер жүз жылдан кейін де өз мақсаттарына қол жеткізбейтініне сенімді. Ауғанстан Ислам Республикасының ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Хамдулла Мохиб тәлібтердің шабуылынан кейін Тәжікстанға қарай кері шегінген 2300 ауған әскери қызметкері елге қайтарылғанын мәлімдеді. Келесі аптада Кабулға 7 америкалық Black Hawk тікұшағы жеткізіледі. Алайда тәлібтер үкіметтік қарулы күштің техникасы мен оқ-дәрісін тартып алуды тоқтатар емес.

Қалыптасып жатқан күрделі жағдайда Орталық Азия елдері террористік топтарға қарсы тұруда тек өздерінің күшіне сене алады. Өзбек әскері толық соғысқа дайындық қалпында тұр. Елдің оңтүстік шекарасын күзету үшін қосымша запастағы 20 мың тәжік әскери қызметкері жұмылдырылды. Ресей Ауғанстанмен шекарадағы тәртіпті сақтау үшін 201-ші әскери базаны кез келген уақытта іске қосуға дайын және оңтүстік бағытта түрлі маневрлер сериясын орындап жатыр.

6 шілдеде Тәжікстанда өткен ұшу-тактикалық оқу-жаттығулары кезінде ресейлік 201-ші әскери база құрамындағы Ми-24 және Ми-8МТВ5 тікұшақтары шартты қарсыластың топтарына зымыран арқылы соққы жасап, жердегі 15 нысанның көзін жойды. Сонымен қатар бір күн бұрын ресейлік минометшілер Ляур полигонында 3 мың метрге дейінгі қашықтықта 120 миллиметрлі минометтен жаппай оқ жаудырды.

Өткен аптада Тәжікстанда ресейлік 201-ші әскери базаның 3 мың әскери қызметкері қатысқан бес тактикалық оқу-жаттығу өтті. Самбули полигонында әскерилер түрлі техникадан оқ ату және шабуылдау бойынша маневрлер легін орындады. Жаз маусымында Орталық Азия өңірінде, яғни Ресей, Қырғызстан, Тәжіккстан мен Өзекстан аумағында барлығы тоғыз халықаралық бірлескен оқу-жаттығу өтуі мүмкін.

* – Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар
0