Білім

Мектепке барар күн жақын: жаңа оқу жылындағы жаңашылдықтар

© Sputnik / Абзал КалиевАлғашқы қоңырау, архив сурет.
Алғашқы қоңырау, архив сурет. - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.08.2021
Жазылу
Бірінші қыркүйекте елімізде 3,4 миллион бала мектепке барады. Олардың панемия кезінде қалай білім алатыны туралы Sputnik Қазақстан материалынан оқыңыз

2021 жылы Қазақстандағы мектептерде білім беру процесін ұйымдастыру

1 қыркүйектен бастап барлық оқушы пандемияға дейінгідей дәстүрлі форматта оқиды. Алайда мектеп ішіне тек Ashyq қосымшасы арқылы кіруге болады. Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, мұндай қадам педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналардан инфекция таралуының алдын алу үшін жасалып отыр. 

Ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің барлығы коронавирусқа қарсы екпе салдырған болуы керек. Мектеп ұжымы 25 тамызға дейін толықтай вакцина алуға тиіс. Медициналық тұрғыдан екпе салғызуға қарсы көрсетілімі бар және соңғы үш айда коронавируспен ауырған адамдар ғана вакциналаудан босатылады.

Первое сентября - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Білім
Білім күні: Аймағамбетов мектептерде 1 қыркүйек қалай өтетінін айтты

Білім министрлігі оқу мекемелері үшін жаңа ереже енгізді. Сондықтан мектеп мына талаптарды сақтауы керек:

- оқушылар мен мұғалімдердің бетперде тағып жүруі;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің дене қызуын тексеру;

- қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бөлмелерде дезинфекциялау және кварцтеу жүргізу;

- білім беру мекемесін дезинфекциялау құралдарымен жабдықтау;

- мектептің жобалық қуаты мен оқушылар санын есепке ала отырып, жұмыс режимі мен ауысымды алдын ала анықтау, оқу процесін әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы ұйымдастыру;

- оқушыларды кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы асханада отырғызу;

- сыныпта бір уақытта болатын адам саны 40-50%-тен (жобалық қуаттан) аспауы керек;

- дәліз бен тамақтану бөлмесінде балалардың шоғырлануын болдырмау үшін қоңырау мен асханаға бару уақытын түрлі уақытта ұйымдастыру;

- оқушылар мен мектеп қызметкерлері арасында бетперде тағу режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

- бір сыныпты бір кабинетте оқыту;

- бұқаралық, мәдени және спорт шараларын өткізуді шектеу;

- сабақ кестесін санитарлық талаптарды есепке ала отырып дайындау.

2021 жылы Қазақстан мектептері алты күндік оқытуға көше ме

Қазақстанда бес күндіктен алты күндік оқу күніне ресми түрде ауысу жоспарда жоқ. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхан Аймағамбетов айтты.

Алайда, егер жекелеген білім беру мекемелері карантин шектеулері есебінен бес күндік форматқа уақытты сәйкестендіре алмаса, онда сенбі күндері сабақ өткізулеріне болады. Мұндай жағдай Қазақстан мектептерінде бұған дейін де болған.

Білім министрлігі аптасына бес күн оқуға кеңес берді. Себебі мұндай оқу процесі балаларға да, педагогтерге де ыңғайлы.

Қазақстанда 2021 жылы мектеп формасы қажет пе

2021-2022 оқу жылында қазақстандық оқушылар мектеп формасынан босатылды. Форма киген абзал, алайда ата-ананың мүмкіндігі болмаса, балаларға классикалық стильдегі киіммен де мектепке баруына болады.

Білім министрі Асхат Аймағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Қоғам
Мектеп формасы міндетті бола ма – Аймағамбетов мәлімдеме жасады

2021 жылдың 1 қыркүйегінде мектептердегі салтанатты жиын қалай өтеді

Бірінші қыркүйекте жаңа оқу жылының басталуына арналған дәстүрлі салтанатты шара далада өтеді. Мұндай салтанатты жиында бірінші сынып оқушыларына "Әліппе" табысталады.

Бірінші сынып оқушылары бірінші және екінші тоқсанда осы кітаппен оқиды. Үшінші тоқсаннан бастап "Ана тілі" пәні енгізіледі.

Мектепте коронавирус анықталса не болады

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус анықталған жағдайда жекелеген білім беру нысандары қайтадан қашықтан оқуға ауысуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Бірақ мұндай мектептерде карантин енгізу бір инкубациялық кезеңде (14 күн) анықталған науқастар санына қарай белгіленеді.

Басқа да себептер қатарында науқаспен байланыста болғандар және санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы да бар.

2021 оқу жылындағы мектеп демалысы

Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылының басталу күнін, оның ұзақтығы мен оқушылар демалысының кезеңдерін белгіледі:

- 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;

- бірінші сыныптардағы оқу жылының ұзақтығы - 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда - 34 оқу аптасы.

Оқу жылындағы демалыстар:

- 1-11 (12) сыныптар: күзгі - 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы аралығы), қысқы - 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін), көктемгі - 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы аралығы);

- бірінші сыныптар: қосымша демалыстар – 7 күн (2022 жылдың 7-13 ақпаны аралығы).

2021 жылыдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда қанша мектеп есігін айқара ашады

1 қыркүйекте елдегі 7 475 мектеп оқушылар үшін есігін ашады. Осы білім ордаларында 3,4 миллион бала оқитын болады. Жаз уақытында оқу мекемелерінде ағымдық жөндеу, соның ішінде 263 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жаңалықтар
0