Қоғам

Жазғы мектеп жаңа оқу жылында да ұйымдастырылады

© Photo : акимат Павлодарской области/Валерий БугаевКласс новой школы в Павлодаре
Класс новой школы в Павлодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Оқу жылында былтырғы қиын тақырыптарға көбірек сағат бөлініп, үлгерімі нашар балалармен қосымша жұмысқа басты назар аударылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында төрт апталық жазғы мектеп ұйымдастырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл 25 мамырдан 19 маусымға дейін ұйымдастырылған жазғы мектептер тәжірибесінің негізінде келесі оқу жылында да 4 апталық жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша шешім қабылдадық", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Министр халықаралық тәжірибеде жүргізілген қашықтан оқытудың нәтижесі зерттелгенін атап өтті. Соған сәйкес оқу жылында негізгі пәндер бойынша былтырғы қиын тақырыптарға көбірек сағат бөлініп, оқу бағдарламаларын коррекциялауға, үлгерімі нашар балалармен қосымша жұмысқа басты назар аударылады.

Оқушылар дәстүрлі форматта білім алады – министр

"Педагогтерге цифрлық құзыреттіліктерін арттыру бойынша онлайн курстар дайындадық. Мұғалімдер екінші тамыздан бастап оны өте бастады. Сабақтың ұзақтығы 45 минут болып, күнделікті бағалау жүйесі әрі қарай жалғастырылады", - деді ол.

Аймағамбетовтің мәліметінше, мектептерде 3 миллион 600 мыңға жуық бала білім алады.

Колледждер контингенті - 470 мың, университет студенттерінің саны –  650 мың адам.

Жаңалықтар
0