Қоғам

Оқушылар дәстүрлі форматта білім алады – министр

© REUTERS / CARL RECINEУченический стол в школьном классе
Ученический стол в школьном классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Егер оқушының ата-анасы немесе өзі коронавируспен ауырса, не болмаса денсаулығы бойынша тәуекел топқа жатса, олар уақытша қашықтан білім алады

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі форматта білім алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Оқушыларды, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін қатаң санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта оқыту ұсынылып отыр", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.   

Егер оқушының ата-анасы немесе өзі коронавируспен ауырса, не болмаса денсаулығы бойынша тәуекел топқа жатса, олар уақытша қашықтан білім алады.  

Сонымен қатар  балабақшаларда 20-25 баладан аспайтын топтарға штаттық режимде жұмыс істеу ұсынылды.

Министр оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсауығын сақтау үшін арнайы санитарлық шаралар қабылданғанын айтты.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан мектептері Ashyq жобасына жүз пайыз қосылды – Көлгінов 

Барлық мектеп, колледждер мен университеттерде қызметкерлер мен білім алушылар маска киюге міндеттеледі. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында күнделікті термометрия, желдету, кварцтеу, дезинфекция шаралары өткізіледі.

Бұған қоса, барлық мектепте қосымша ауысымдар ұйымдастырылып, үзіліс уақыты әртүрлі уақытқа белгіленеді. Оқу мекемелері бір сынып – бір кабинет қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұқаралық шараларға тыйым салынады.

Студенттер, педагогтер мен басқа да қызметкерлер ғимаратқа Ashyq жүйесі арқылы кіргізіледі.

Жаңалықтар
0