НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Е.Ғабдуллин алаяқтық және арандатушылық жасағаны үшін 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
Үкімді 10 тамызда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты шығарды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі.
Күдікті "Оливия" ұйымының заңгері Кантер-Скрипкинаны судьяларға 8 миллион теңге пара беруге арандатты деп айыпталды.
Іс материалдарына сәйкес, бұл үшін бірінші және апелляциялық сот инстанцияларының судьялары кәсіпорынның талап-арызын қанағаттандыруға тиіс болған.
Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстанда жұмыс орнында ішімдік ішкен төрт судья қызметінен кетті
"Оливия" ЖШС заңгері Кантер-Скрипкина пара бермек болғаны үшін үш жылға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.