НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жұмыс орнында пара алып, алкогольдік ішімдік ішкені үшін төрт судья қызметінен босатылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ерекше маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді.
"Шығыс Қазақстан облысы бойынша департамент Жоғарғы сотқа жұмыс уақытында сот ғимаратында пара алу және алкогольдік ішімдік ішу фактілері бойынша ШҚО-ның төрт судьясына, оның ішінде Өскемен қаласы №2 сотының төрағасына қатысты ұсыныс енгізді", – деді ол.
Данияр Биғайдаровтың айтуынша, тәртіптік комиссияның шешімімен Өскемен қаласы №2 сотының төрағасы Қасымов, судьялар Арғымберді, Қайролдина және Глубокое аудандық сотының судьясы Әміров қызметінен босатылды.