Қоғам

Қарағанды облысында судья ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуСотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото
Сотрудник правоохранительных органов снимает наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.02.2021
Жазылу
Ұсталған адамның аты-жөні мен пара мөлшері, басқа да мәліметтер тергеу мүддесіне сай жарияланбай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы пара алып жатқан жерінде ұсталды.

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппараты Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесе отырып Қарағанды облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын пара алып жатқан жерінде ұстады", - деп хабарлады облыстық сот.

Басқа мәлімет тергеу мүддесіне сай жарияланбайды, деді соттағылар.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде сенбі, 6 ақпанда 30​ мың еуро көлемінде пара алып жатқан жерінде судья ұсталды деген ақпарат тарады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бес вице-министр тергеуге алынды

Жаңалықтар
0