Экономика

Министрлік қазақстандықтарға 85 мың теңгеден төленеді деген ақпаратқа жауап берді

© Sputnik / Абзал КалиевФрагменты купюр номиналом 10 тысяч тенге
Фрагменты купюр номиналом 10 тысяч тенге  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Еңбек министрлігі Қазақстанда субсидияның мұндай түрі жоқ екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен азаматтарға субсидия берілетіні туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

Ақша, теңге, монета - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.02.2021
Қоғам
Министрлік зейнет жасының өзгеретіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді
"Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан жұмыссыз азаматтар мен табысы төмен қазақстандықтар 85 400 теңге мөлшерінде мемлекеттік экономикалық субсидияларға өтінім бере алатыны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - деп жазылған министрліктің ресми сайтында.

Ведомство Қазақстанда мұндай субсидия жоқ екенін атап өтті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды жалған ақпаратқа назар аудармауға және ақпаратты тек ресми көздерден ғана алуға шақырды.

Министрлік жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын еске салды.

Жаңалықтар
0