Денсаулық

Диетолог ұйқыны жақсартатын сусынды атады

© pixabay/xiangying_xu Сон
Сон - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2021
Жазылу
Шие шырынының құрамында ұйқы гормоны бар, деп түсіндірді америкалық дәрігер

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Америкалық диетолог дәрігер Холли Кламер түнгі ұйқыны жақсартуға көмектесетін сусынды атады. Оның пікірінше, шие шырынын тұрақты тұтыну ұйқының сапасын көтереді, деп жазды Lenta.ru.

Мужчина закрывает голову подушкой - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Денсаулық
Дәрігер тез ұйықтап қалу үшін не істеу керектігін айтты
"Бұл шырын тез ұйықтап кетуге көмектеседі. Өйткені оның құрамында мелатонин – ұйқы және сергектену циклін реттейтін гормон бар", - деді Кламер.

Оның айтуынша, зерттеуге қатысқандардың бір тобы бір апта бойы шие шырынын ішкен. Нәтижесінде жеті күннен кейін бірінші топтағылардың ұйқысы едәуір жақсарған.  

Дәрігер кейбір адамдар ұйықтар алдында шие шырынын ішсе, түнде дәретханаға тұруы мүмкін екенін атап өтті. Ондай кезде рационға жаңа піскен шиені қосу керек. Бір кесе шиенің құрамында мелатониннен басқа, калийдің тәуліктік нормасының жеті проценті бар, бұл сізге жақсы ұйықтауға көмектеседі.

Бұған дейін британдық дәрігер Радж Каран тез ұйықтап, сергек оянуға көмектесетін "10-3-2-1" әдісі туралы айтқан болатын. Сарапшы  ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофеин қосылған сусындардан бас тартуға кеңес береді. Оның мәліметінше, бұл затты ағзадан шығару үшін осынша уақыт қажет.

Жаңалықтар
0