НҰР -СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Британ денсаулық сақтау қызметінің дәрігері Каран Радж тез ұйықтап, сергек ояну үшін не істеу керектігін айтты. Оның пікірінше, "10-3-2-1" формуласын қолдану қажет.
Бұл әдіс ұйқыға дейін 10 сағат бұрын кофеин қосылған сусындардан бас тартуды қарастырады. Бұл затты ағзадан шығару үшін осынша уақыт қажет, деп жазды Sputnik радиосы.
Сондай-ақ ұйқыға жатар уақытқа үш сағат қалғанда тоя тамақтанудан бас тарту керек.
"Бұл қыжылды (изжога) болдырмауға және түнде оянып кетпеуге көмектеседі", - деді Радж.
Сонымен қатар дәрігер "тез ұйықтауға" кедергі келтіретіндіктен алкоголь ішпеуге кеңес берді. Ұйықтар алдында екі сағат бұрын жұмысты тоқтатыңыз. Бұл бойды еркін ұстауға мүмкіндік береді", - деп толықтырды маман.
Ұйықтардан бір сағат бұрын телефонды қою керек.