НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен "ковидтік" пневмониядан 122 адам көз жұмды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Коронавирустан 105 науқас, ал вирустық пневмониядан 17 пациент қайтыс болды.
8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 7 802 адамнан коронавирус табылды
Індетке шалдыққандар арасында 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациент хәл үстінде жатыр. Ал 196 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.