НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 802 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тест оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында – 1496,
- Алматы қаласында - 1516,
- Шымкент қаласында – 552,
- Ақмола облысында – 256,
- Ақтөбе облысында - 344,
- Алматы облысында - 350,
- Атырау облысында - 420,
- Шығыс Қазақстан облысында - 244,
- Жамбыл облысында - 200,
- Батыс Қазақстан облысында - 132,
- Қарағанды облысында - 1050,
- Қостанай облысында - 220,
- Қызылорда облысында - 181,
- Маңғыстау облысында - 240,
- Павлодар облысында - 301,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 158,
- Түркістан облысында - 142.
Пандемия басталғалы бері республикада коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 634 214 адамға жетті.
7 тамызда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 5 727 414 адам, 2-ші компонентін 4 356 279 адам салдырды.