Өңірлер

Павлодар аспанын тұмшалаған көк түтінге қатысты түсініктеме берілді

© Sputnik / Владислав ВодневТүтін
Түтін - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2021
Жазылу
Облыстағы экологиялық ахуалдың нашарлауына қауіп төніп тұрған жоқ, дейді департамент қызметекерлері

НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Әлеуметтік желіде павлодарлықтар қаланың үстінде "лас тұманның" пайда болғанын талқылауда, деп хабарлады Pavlodarnews.kz сайты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo)

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді. 

"Оның себебін көрші мемлекеттен іздеу керек. Ресей Федерациясының Якутия аумағында екі аптадан бері орман өртеніп жатыр. Қазіргі күні өрттің ауданы 1,5 миллион гектардан асып отыр. Осы өрт салдарынан облыстың кей аудандарын, сол сияқты қаланы түтін басты. Алаңдауға негіз жоқ. Ол экологиялық жағдайдың нашарлауына қауіп төндірмейді. Жақын арада көк түтін сейілу керек", - деп хабарлады департаменттегілер.

РИА Новости ақпаратына сәйкес, Якутия аумағында табиғат өртінің 167 жағдайы тіркелген. Бір тәулікте жалпы ауданы 185 мың гектардан асатын 19 өрт ошағы сөндірілді. Тоғыз аудандағы 131 ошақтағы жағдай күрделі.

Оқи отырыңыз: Арыстағы төтенше жағдай: 1700 адам көшірілді

 

Жаңалықтар
0