Әлем

Стенин атындағы байқау: желі қолданушылары ең үздік фотоны таңдады

© Photo : Рафид Ясар, StenincontestФото-победитель конкурса имени Стенина по итогам онлайн-голосования "Счастливый фермер"
Фото-победитель конкурса имени Стенина по итогам онлайн-голосования Счастливый фермер - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2021
Жазылу
Интернет арқылы дауыс беру Стенин атындағы халықаралық фотобайқау жеңімпаздарының бірін анықтауға мүмкіндік берді

МӘСКЕУ, 5 тамыз – Sputnik. Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауында интернет қолданушыларының пікірінше бангладештік Рафид Ясардың "Бақытты фермер" деген фотосы үздік деп танылды. Фотода гүлді қырыққабаттың қалай өсетінін көрсеткен шаруа бейнеленген. Бұл фотоны интернет арқылы дауыс бергендердің төрттен бір бөлігі ұнатты.

Ясар өз жұмысының көпшілікке танылуы оның режиссер болу арманына көмектеседі деп үміттеніп отыр.

"Халықтың дауыс беруі гран-при алды дегенді білдірмейтінін түсінемін, алайда берілген әрбір дауыс – қолдау. Бұл байқауда қатысушылардың арасында менен гөрі қатты жеңіске жеткісі келетін адам бар ма білмеймін. Қалай болса да, ең мықтысы жеңіске жетсін", - деді ол.

Қыркүйектің соңында Андрей Стенин атындағы конкурстың нәтижесі онлайн форматта өтетін шарада белгілі болады. Сол кезде кімнің Гран-при алғаны хабарланады, сондай-ақ 2021 жылдың үздіктері тізіміне енген лауреаттарды атайды. Ұйымдастырушылар дәстүр бойынша жыл соңына дейін әлем қалалары бойынша жеңімпаздардың жұмысынан халықаралық сапар бастауды жоспарлап отыр.

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының қолдауымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдауға және заманауи фотожурналистика міндетіне қоғам назарын аударуға бағытталған. Бұл – талантты, жаңашылдыққа құмар әрі біздің жанымызда болып жатқан жағдайларға адамдардың назарын аудара алатын жас фотографтарды біріктіретін алаң.

Оқи отырыңыз: Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2020 жылғы үздік суреттері анықталды

Байқаудың бас ақпараттық серіктесі – "Россия-культура" ресейлік мемлекеттік телеарнасы, "Москва 24" телеарнасы, Вести.Ru ақпарат-жаңалықтар порталы.

Байқаудың халықаралық ақпараттық серіктесі Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосы, RT телеарнасы мен порталы, Askanews ақпарат агенттігі, Independent Media медиахолдингі, Telam ақпарат агенттігі, ANA жаңалықтар агенттігі, Shanghai United Media Group (SUMG), China Daily газетінің интернет-порталы, The Paper интернет-порталы, Al Mayadeen медиа желісі, Prensa Latina ақпарат агенттігі, DBW интернет порталы болды.

Жаңалықтар
0