Биыл Андрей Стенин атындағы жас фотографтардың халықаралық байқауына әлемнің 75 елінен 5 мыңға жуық туынды ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша үздіктердің үздігі таңдалды.
Испандық фотограф Луис Тато Стенин атындағы байқаудың бірнеше дүркін лауреаты атанды. Ол "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясы үшін Гран-приді жеңіп алды. Бұл суреттерде өткен жылдың қаңтарында Найробидегі қонақ үй кешені аумағында болған теракт айқын әрі шынайы бейнелеген. Фото авторы қайғылы оқиғаны сол сәтте басынан өткерген жандардың эмоцияға, шарасыздыққа толы сезімін дәл бере алған.
Британдық фотограф Линзи Биллингтің "Басты жаңалықтар" аталымында бірінші орынды жеңіп алған "Жерленген әділдік" атты жұмысы да айрықша аталып өтті.
Байқау қорытындысы бойынша арнайы сыйлыққа Малафайя Альвестің "Бразилиядағы қара толқын" атты туындысы лайық деп танылды.
Андрей Стенин–2020 фотобайқауы жеңімпаздарының осы және басқа да жарқын, өміршең әрі шынайы еңбектерін фототаспадан тамашалаңыздар.
Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мұрындық болуымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдау мен заманауи фотожурналистиканың маңыздылығына қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.
Оқи отырыңыз: Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер
Бұл – талантты, сезімтал және кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдайтын, біздің назарымызды жақын жердегі адамдар мен оқиғаларға аудартатын жас фотографтарға арналған алаң.
Жас фототілшілер байқау аясында саяси қақтығыстар мен әлеуметтік және экологиялық мәселелер тақырыбын қамтитын қазіргі заманның ең өткір проблемаларын көтереді.