Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Стенин атындағы фотожурналистика байқауының 2020 жылғы үздік суреттері анықталды

Жазылу
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жеңімпаздарының жұмыстары бірінен бірі өткен жүрек қылын тербейтін ерекше кадрлар

Биыл Андрей Стенин атындағы жас фотографтардың халықаралық байқауына әлемнің 75 елінен 5 мыңға жуық туынды ұсынылды. Байқау қорытындысы бойынша үздіктердің үздігі таңдалды.

Испандық фотограф Луис Тато Стенин атындағы байқаудың бірнеше дүркін лауреаты атанды. Ол "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясы үшін Гран-приді жеңіп алды. Бұл суреттерде өткен жылдың қаңтарында Найробидегі қонақ үй кешені аумағында болған теракт айқын әрі шынайы бейнелеген. Фото авторы қайғылы оқиғаны сол сәтте басынан өткерген жандардың эмоцияға, шарасыздыққа толы сезімін дәл бере алған.

Британдық фотограф Линзи Биллингтің "Басты жаңалықтар" аталымында бірінші орынды жеңіп алған "Жерленген әділдік" атты жұмысы да айрықша аталып өтті.

Байқау қорытындысы бойынша арнайы сыйлыққа Малафайя Альвестің "Бразилиядағы қара толқын" атты туындысы лайық деп танылды.

Андрей Стенин–2020 фотобайқауы жеңімпаздарының осы және басқа да жарқын, өміршең әрі шынайы еңбектерін фототаспадан тамашалаңыздар. 

Ресей Федерациясының ЮНЕСКО істері жөніндегі комиссиясының мұрындық болуымен "Россия сегодня" ХАА ұйымдастырған Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика байқауы жас фотографтарды қолдау мен заманауи фотожурналистиканың маңыздылығына қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.

Оқи отырыңыз: Андрей Стенин атындағы конкурсқа ұсынылған үздік суреттер

Бұл – талантты, сезімтал және кез-келген жаңа нәрсені тез қабылдайтын, біздің назарымызды жақын жердегі адамдар мен оқиғаларға аудартатын жас фотографтарға арналған алаң.

Жас фототілшілер байқау аясында саяси қақтығыстар мен әлеуметтік және экологиялық мәселелер тақырыбын қамтитын қазіргі заманның ең өткір проблемаларын көтереді.

 

© Photo : Luis Tato, StenincontestАндрей Стенин атындағы фотобайқауда басты марапатты жеңіп алған испан фотографы Луис Татоның "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясындағы суреті. Мұнда 2019 жылдың қаңтар айында Найробиде болған қайғылы оқиға бейнеленген.
Снимок испанского фотографа Луиса Тато Теракт в отеле DusitD2, получивший главную награду конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
1/11
Андрей Стенин атындағы фотобайқауда басты марапатты жеңіп алған испан фотографы Луис Татоның "DusitD2 қонақ үйіндегі террористік шабуыл" сериясындағы суреті. Мұнда 2019 жылдың қаңтар айында Найробиде болған қайғылы оқиға бейнеленген.
© Photo : Lynzy Billing, StenincontestБайқаудың "Басты жаңалықтар" аталымында британдық фотограф Линзи Биллингтің "Жерленген әділеттілік" туындысы бірінші орынға ие болды. Бұл сурет жүректі сөзсіз мұздатады.
Снимок британского фотографа Линзи Биллинг Похороненная справедливость, занявший первое место среди одиночных работ в номинации Главные новости конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
2/11
Байқаудың "Басты жаңалықтар" аталымында британдық фотограф Линзи Биллингтің "Жерленген әділеттілік" туындысы бірінші орынға ие болды. Бұл сурет жүректі сөзсіз мұздатады.
© Photo : Jeoffrey Guillemard, Stenincontest"Басты жаңалықтар" номинациясының үздік сериясы – француз Жофрэ Гиймардың Орталық Америка, Гаити, Африка, Куба елдерінен қоныс аударушы мигранттардың "америкалық арманға" дейінгі ұзақ саяхаты көрініс тапқан "Оңтүстік шекара" атауымен топтастырылған суреттері.
Снимок французского фотографа Жофрэ Гиймара, входящий в ставшую лучшей серию Южная граница в номинации Главные новости конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
3/11
"Басты жаңалықтар" номинациясының үздік сериясы – француз Жофрэ Гиймардың Орталық Америка, Гаити, Африка, Куба елдерінен қоныс аударушы мигранттардың "америкалық арманға" дейінгі ұзақ саяхаты көрініс тапқан "Оңтүстік шекара" атауымен топтастырылған суреттері.
© Photo : Sumit Sanyal, StenincontestКалькуттаның фототілшісі Сумита Саньяның Мусуни аралының тұрғындарына арналған "Тұйыққа тірелген өмір" туындысы. Ол "Менің жершарым" аталымында үздік жеке сурет деп танылды.
Снимок фотографа из Калькутты Сумита Санья Жизнь на краю, занявший первое место среди одиночных работ в номинации Моя планета конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
4/11
Калькуттаның фототілшісі Сумита Саньяның Мусуни аралының тұрғындарына арналған "Тұйыққа тірелген өмір" туындысы. Ол "Менің жершарым" аталымында үздік жеке сурет деп танылды.
© Photo : Sergei Parshukov, StenincontestБайқауға фотограф Сергей Паршуков Ресейдің Воркута қаласының шежіресі бейнеленген "Жойылған әлемнің астанасы" деген атаумен бірнеше топтамасын ұсынды. Олар "Менің жершарым" номинациясында басқалардан оқ бойы озық болды.
Снимок российского фотографа Сергея Паршукова, входящий в ставшую лучшей серию Столица исчезающего мира в номинации Главные новости конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
5/11
Байқауға фотограф Сергей Паршуков Ресейдің Воркута қаласының шежіресі бейнеленген "Жойылған әлемнің астанасы" деген атаумен бірнеше топтамасын ұсынды. Олар "Менің жершарым" номинациясында басқалардан оқ бойы озық болды.
© Photo : Yury Smityuk, Stenincontest"Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша ұсынылған суреттердің арасынан ресейлік Юрий Смитюктің "Врангель аралы" туындысы үздік жеке сурет деп танылды.
  Снимок российского фотографа Юрия Смитюка Остров Врангеля, занявший первое место среди одиночных работ в номинации Портрет. Герой нашего времени конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
6/11
"Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша ұсынылған суреттердің арасынан ресейлік Юрий Смитюктің "Врангель аралы" туындысы үздік жеке сурет деп танылды.
© Photo : Danilo Garcia Di Meo, StenincontestҚазылар алқасы "Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша италиялық журналист Данило Гарсия Ди Меоның "Кватрани. Жер сілкінісі және балалар" атты суретін ең үздік туындылар топтамасы деп бағалады.
Снимок итальянского фотографа Данило Гарсия Ди Мео, входящий в ставшую лучшей серию Кватрани. Дети землетрясения в номинации Портрет. Герой нашего времени конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
7/11
Қазылар алқасы "Портрет. Біздің заманымыздың кейіпкері" номинациясы бойынша италиялық журналист Данило Гарсия Ди Меоның "Кватрани. Жер сілкінісі және балалар" атты суретін ең үздік туындылар топтамасы деп бағалады.
© Photo : Sebnem Coskun, StenincontestТүрік фотографы Шебнем Кошкунның визуалды фантасмагориясы спорттық номинацияда ең үздік жеке сурет деп танылды. Бұл еңбекте кейіпкер Сахика Эркуменнің Гилиндир үңгірінде жаттығу жасап тұрған сәті бейнеленген.
Снимок турецкого фотографа Шебнем Кошкун Пещера Гилиндиреx. На одном дыхании, занявший первое место среди одиночных работ в номинации Спорт конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
8/11
Түрік фотографы Шебнем Кошкунның визуалды фантасмагориясы спорттық номинацияда ең үздік жеке сурет деп танылды. Бұл еңбекте кейіпкер Сахика Эркуменнің Гилиндир үңгірінде жаттығу жасап тұрған сәті бейнеленген.
© Photo : Pavel Volkov, StenincontestСпорт тақырыбы сериясында ресейлік журналист Павел Волковтың артиллериялық снарядтан тұтанған өрттен таңғажайып жағдайда аман қалған азамат – Алексей Талайға арналған сурет туындысы жеңіске жетті.
Снимок российского фотографа Павла Волкова, входящий в ставшую лучшей серию Алексей Талай в номинации Спорт конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
9/11
Спорт тақырыбы сериясында ресейлік журналист Павел Волковтың артиллериялық снарядтан тұтанған өрттен таңғажайып жағдайда аман қалған азамат – Алексей Талайға арналған сурет туындысы жеңіске жетті.
© Photo : John Wessels, StenincontestОңтүстікафрикалық фотограф Джон Весселстің "Эбола: ДР Конго" фотосериясы халықаралық Қызыл крест комитетінің "Гуманитарлық фотосуреттер үшін" арнайы сыйлығына "Басты жаңалықтар" аталымы бойынша ие болды.
Снимок южноафриканского фотографа Джона Весселса, входящий в отмеченную специальным призом Международного комитета Красного Креста За гуманитарную фотографию серию Эбола: ДР Конго в номинацииГлавные новости конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
10/11
Оңтүстікафрикалық фотограф Джон Весселстің "Эбола: ДР Конго" фотосериясы халықаралық Қызыл крест комитетінің "Гуманитарлық фотосуреттер үшін" арнайы сыйлығына "Басты жаңалықтар" аталымы бойынша ие болды.
© Photo : Leonardo Malafaia Alves, StenincontestФототілші Леонардо Малафайя Альвес түсірген "Бразилиядағы қара толқын" тақырыбындағы суреті "Басты жаңалықтар" номинациясында Аль-Маядин телеарнасының арнайы сыйлығын жеңіп алды.
Снимок бразильского фотографа Леонардо Малафайя Альвеса Черный прилив в Бразилии, удостоенный специального приза Аль-Маядин ТВ в номинации Главные новости конкурса имени Андрея Стенина - Sputnik Қазақстан
11/11
Фототілші Леонардо Малафайя Альвес түсірген "Бразилиядағы қара толқын" тақырыбындағы суреті "Басты жаңалықтар" номинациясында Аль-Маядин телеарнасының арнайы сыйлығын жеңіп алды.
Жаңалықтар
0