НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Бокстан Токио Олимпиадасының жартылай финалына өткен Сәкен Бибосынов бүгінгі жекпе-жегін қорытындылады, деп жазды Olympic.kz.
"Жекпе-жек ауыр өтті. Бірінші раундта басымдық танытқаныммен, екінші раундта қателік жібердім. Бойымның ұзындығына қарамастан, қарсыласымды жақындатып алдым. Негізі қарсыласым лас жұдырықтасады екен", - дейді Бибосынов.
Оның айтуынша, екінші раундтан соң бапкері намысын оятып, келесі кезеңге жақсы тактика қойып беріпті.
"Сол кісінің айтқандарын түгел орындадым. Енді алдағы қарсыласым да оңай емес. Ұлыбританиялық боксшымен спаррингтік кездесулер өткізгенмін, бірақ әлі ресми түрде кездеспедім. Жеңіске жету үшін бар күшімізді саламыз", - деп түйіндеді боксшы.
Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты
52 келідегі жартылай финалдық жекпе-жек 5 тамыз күні өтеді.