Спорт

Токио Олимпиадасы: тағы бір боксшымыз жартылай финалға шықты

© REUTERS / CARL RECINEСакен Бибосынов вышел в полуфинал на Олимпиаде
Сакен Бибосынов вышел в полуфинал на Олимпиаде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.08.2021
Жазылу
Сәкен Бибосынов ширек финалда испаниялық Эскобар Маскунаномен кездесіп, 4:1 есебімен жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Камшыбек Конкабаев - капитан сборной Казахстана по боксу - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.08.2021
Спорт
Токио Олимпиадасы: Қоңқабаев жартылай финалға шықты
Бибосынов ширек финалда испаниялық Эскобар Маскунаномен кездесті. Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі қазақ боксшысына жоғары ұпай берді.   

Екінші раундта Маскунаноға жоғары ұпай берілсе де, үшінші раундты Бибосынов алды. Қорытынды есеп – 4:1.

Жартылай финалда жерлесіміз Ұлыбритания боксшысы Галаль Яфаймен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек 5 тамызда өтеді.

Айта кетейік, кеше Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) ресейлік боксшыны жеңіп, жартылай финалға өткен болатын. Бүгін Закир Сафиуллин де жартылай финалға шығу үшін жұдырықтасады. Оның қарсыласы - аустралиялық Гари Гарсайд.

Жаңалықтар
0