НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Токио Олимпидасында қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ширек финал жекпе-жегінде Қоңқабаев ресейлік боксшы Иван Верясовпен кездесті. Жерлесіміз бірінші раундтан бастап айқын басымдыққа ие болды. Жойқын соққылары діттеген жеріне жеткізді. Ал екінші раунда екеуі тең бокстасты. Үшінші раундты ресейлік боксшы басым болды. Дегенмен, Қоңқабаевқа жете алмады. Қорытынды есеп - 4:1.
Жартылай финалда Қоңқабаев америкалық боксшы Ричард Торреспен қолғап түйістіреді. Алғашқы жекпе-жекте Қоңқабаев мысырлық Есри Мостафа Резкпен қолғап түйістіріп, 5:0 есебімен жеңген болатын.
Айта кетері, Олимпиадада үш боксшымыз қалды. Күні кеше Сәкен Бибосынов (52 келі) пен Закир Сафиуллин (63 келі) ширек финалға шықты. Ал Әбілхан Аманқұл (75 келі) бүгін бразилиялық боксшы Эберт Соусадан 2:3 есебімен жеңілді.