Өңірлер

Тазаланбаған канал малдың сорына айналды: атыраулық шаруалар билікке шағым айтты

© Photo : "Ак-Жайык"Батпаққа айналған каналға асыққан мал ажал құшты
Батпаққа айналған каналға асыққан мал ажал құшты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Жазылу
НовостиTelegram
Батпаққа айналған каналға асыққан мал су емес, ажал тауып жатыр. Канал тазаланбай мұндағы малдың күні қараң, дейі тұрғындар

НҰР-СҰЛТАН, 2 тамыз – Sputnik. Атырау облысы Исатай ауданының шаруалары қуаңшылық салдарынан жағдайдың ушығуына байланысты билікке шағым айтты, деп жазды өңірлік "Ак Жайык" басылымы.

Қырықтан астам фермер Жанбай ауылында бас қосып, өңірдің негізгі күретамыры - Нарын каналының сонау алпысыншы жылдан бері жөндеу көрмегенін айтып, мәселе көтерді. Жөндеу мен күтім көрмеген каналдың көзі бітеліп, жағасын қамыс басқан. Осылайша батпаққа айналған су қоймасы малдың соры болып отыр. 

"Биыл батпақты каналдың жағасында 17 бас жылқым өлді. Мен үшін бұл үлкен шығын", - дейді қожалық иесінің бірі Құрманәлі Мұхтаров.

Көптеген шаруа зейнетінен бейнеті артық болғандықтан малдарын сатуға мәжбүр. Өйткені оларға бұл тығырықтан шығар жол жоқтай көрінеді.

© Photo : "Ак-Жайык"Арнаға асыққан мал су емес, ажал тауып жатыр.
Тазаланбаған канал малдың сорына айналды: атыраулық шаруалар билікке шағым айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Арнаға асыққан мал су емес, ажал тауып жатыр.

"Аққыстау, Жанбай және Зинеден ауылдарындағы мал шаруашылығының бұл каналсыз күні қараң. Ол жөнделмей ауылдарда мал шаруашылығы дамымайды", - дейді Аухат Абуов.

Атырау – Астрахан автожолында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары онсыз да су тапшылығын сезініп отырған өңірдегі жағдайды ушықтыруда. Өйткені жөндеу жұмыстарына қажетті үлкен көлемдегі су Манаш қоймасынан алынды.

© Photo : Сайт газеты "Ак-Жайык"Батпаққа айналған арна малдың суатына емес, сорына айналды.
Тазаланбаған канал малдың сорына айналды: атыраулық шаруалар билікке шағым айтты - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.08.2021
Батпаққа айналған арна малдың суатына емес, сорына айналды.

Нарын каналының алпыс жылдан бері жөндеу көрмегенін  Исатай ауданы әкімінің орынбасары да растады.

"Өңірдегі мал Каспий мен Оралдан бастау алатын Нарын мен Боқсақтан су ішеді. Нарын каналы 1961 жылдан бері жөнделмеген. Ол "Қазсуашар" РМК Атырау филиаланың балансында. Оның жөндеу жұмыстары үшін жауап беретін осы кәсіпорын. Жалпы қаржы мен жөндеу жұмыстарының жобасы республикалық деңгейде шешілуге тиіс", - дейді аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов. 

Естеріңізге сала кетейік, еліміздің батыс аймағы қуаңшылық салдарынан жем-шөп тапшылығын сезініп отыр. Желіде жылқы мен түйенің қағазбен қоректеніп жүрген видеосы қызу талқыға түскен болатын.

Еліміздің ерікті азаматтары қуаңшылықтан зардап шеккен өңірлерге көмек қолын созып, шөп жеткізуде.

Жем-шөп тапшылығы салдарынан туындаған жағдайға байланысты ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров отставкаға кетті. 

Оқи отырыңыз: Жексенбі күні Ақтауда болған жағдай тұрғындарды дүрліктірді – видео

Жаңалықтар
0