17:02 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3697 0 0

Өңірде мал азығы қорын молайту үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде картон жеп жатқан түйелердің видеосы тарап кетті. Ал жылқылар күл-қоқыстың маңайынан шықпайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Міне, Маңғыстаудың түйелері картон жеп жүр. Жылқылар ғана емес, түйелер де жейді. Картонмен күн көріп жүр. Оларды айдап жібереміз, бірақ қайтып келеді. Картонды осылай қораның қасына салып қоямыз. Ал мынау арық-арық тайлар. Шөп жоқ. Мынаның бәрі – картон. Осылай майдалап-майдалап картон береміз", - дейді видео авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

Айта кетейік, 10 маусым күні онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде облыс басшысы Серікбай Тұрымов қуаңшылыққа байланысты мал басын сақтап қалу мақсатында қолға алынған шаралар туралы баяндаған болатын. Оның айтуынша, мал азығы қорын молайту үшін жергілікті бюджеттен 200 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында төтенше жағдай жариялануы мүмкін 

"Биыл қыста қардың, көктемде жауын-шашынның түспеуі мал өсіріп отырған шаруаларға қиындық тудырып отыр. Осыған орай арнайы жұмыс тобы құрылды. Өлкенің жеке шаруашылықтарын мал азығымен қамтамасыз ету үшін жақын орналасқан Ақтөбе облысымен келіссөздер жүргізілді. Оның ішінде мал азығын қажетті мөлшерде жеткізуге және Маңғыстау облысының шаруашылықтарына жайылымға, шабындыққа жер учаскелерін беруге келісілді", - деді Тұрымов орталық коммуникациялар қызметінде.

Тақырып бойынша

Қазақстан қантсыз қала ма – сарапшылар жауабы
Батыс Қазақстанда 400-ге жуық киіктің өлексесі табылды
Әбдіқалықова төтенше жағдай енгізуге қатысты пікір білдірді
Загрузка...

Басты тақырып