НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 7 803 адам коронавирус жұқтырып, 275 адам ковидтік пневмонияға шалдықты, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
1 тамыздағы мәлімет бойынша 98 931 адам коронавирус инфекциясынан (–96 145 + және 2 786 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 28 162 пациент стационарда, 70 769 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 1 652 адамның жағдайы ауыр
- 417 адамның жағдайы өте ауыр
- 187 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің сөзін жоққа шығарды