Денсаулық

Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің сөзін жоққа шығарды

© AP Photo / Andreea AlexandruВрач в защитном костюме выходит после смены в больнице с коронавирусом
Врач в защитном костюме выходит после смены в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.07.2021
Жазылу
Қазақстандықтар әлеуметтік желі мен мессенджерде қазақстандық дәрігер Айна Бакееваның видеосын таратып жатыр. Ол коронавирусқа қарсы вакциналауды "фашизм" деп атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі шымкенттік дәрігердің вакциналау туралы тұжырымын жоққа шығарды, деп жазды Stopfake.kz.

Шымкент дәрігері Айна Бакееваның айтуынша, ешбір вакцина клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңінен өтпеген, барлық қазақстандық коронавируспен ауырып шықты және балалар COVID-19-ды жеңіл көтереді, сондықтан вакциналаудың еш қажеті жоқ. Бакеева коронавирусқа қарсы вакциналауды "фашизм" деп атады.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі оның сөзін теріске шығарды. Қазір республикада "Спутник V", QazVac, Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары салынып жатыр. 

"Коронавирусқа қарсы Қазақстанда қолданылатын барлық вакцина бірдей қауіпсіз әрі тиімді. Заңнамаға сәйкес тіркелмеген дәрілік затты Қазақстан аумағына алып кіру кезінде препараттың сапасын растайтын өндіруші құжаты, яғни анализ сертификаттары немесе сынақ хаттамалары немесе сапа бағасының көрсеткіші бар сапа құжаты қазақ және орыс тілдерінде болуы керек", - деді денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылар атап өткендей, Қазақстанда қолданылып жатқан барлық вакцина клиникалыққа дейінгі және клиникалық сынақтың үш кезеңінен де өткен.

Сонымен қатар экспериментке қатысушылардың ахуалын Бакеева айтқандай үш күн емес, орта есеппен 30 күн бақылауда ұстайды.

Республика тұрғынының барлығы коронавируспен ауырып шыққан жоқ. Статистика бойынша 18 миллион халықтың ішінде 270 мың адамның коронавирус жұқтырғаны расталған. Сонымен қатар коронавирус жұқтырған балалардың арасында да өлім тіркелген жағдайлар бар, дейді министрліктегілер. 

Жаңалықтар
0