АЛМАТЫ, 27 шілде – Sputnik. Алматыда "Демеу" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаппай улану болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, 24 шілдеде 63 адам нәжіс бұзылуына байланысты шағым айтқан.
Сөзінше, симптоматикалық емнен кейін түскі асқа қарай пациенттердің жағдайы жақсарған. Сол күні кешке олардың жағдайы тұрақтанды. Орталықтың хабарлауынша, олардың шағымы жоқ.
Ал қайтыс болған адамға бұған дейін екі рет операция жасалғаны анықталды.
"Жүрек-қантамыр жүйесі мен бүйрек созылмалы аурулары болған науқас қайтыс болды. Өлімнің себебі сот-медициналық сараптама жүргізілгеннен кейін анықталады", - деп түйіндеді Байғабылов.
Оқи отырыңыз: Алматыда бес баласы бар отбасы қоғамдық моншада уланды