18:36 11 Сәуір 2021
Тікелей эфир
  • USD433.15
  • EUR515.06
  • RUB5.61
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
8678 0 0

Мұржа дұрыс істемегендіктен, ғимаратта тыныс алу қиындаған. Алайда шығу оңай болмады, монша иесі сыртынан жауып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Алматыда қоғамдық моншада трагедия бола жаздады - көпбалалы отбасы иіс тиіп уланды. Бәрі аман қалды, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

Отағасы Мұса Қосмұратовтың айтуынша, монша иесі сырттарынан бір жарым сағатқа жауып кеткен. Алайда біраздан соң балалардың басы айналып, жүрегі айныған. Кейін әйелінің жағдайы нашарлады.

"Басында ыстықтан осындай әсер болды деп ойладым. Кейін құсқымыз келді, сол кезде бәрін түсіндік. Шыға алмай, жан тапсырамыз деп ойладым", - дейді Бахыт Қыдырбекова.

Ер адам есікті ашу үшін айқайлай бастады. Абырой болғанда, монша иесі естіп, көмекке келді.

Бәрі шұғыл ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары орташа. Қазір денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Мамандар болған оқиғадын кейін моншаны тексерді. Желдету және жылыту жүйесіндегі ақауға байланысты ғимаратқа тұншықтырғыш газ келген. Бұл үшін монша иесі жауапкершілікке тартылады.

Моншада газдың мөлшерін есептейтін құрылғы орнатылғаны айтылып отыр. Алайда ол қажет кезде істемей қалған.

Еске сала кетсек, 27 ақпанда Түркістанда ана мен төрт баласының денесі табылды. Отбасы табиғи газбен жұмыс істейтін жылыту кесірінен көз жұмғаны белгілі болды.

Тақырып бойынша

Түркістанда 4 бала өлі табылды - оқиға орнына құтқарушылар мен полицейлер жетті
Талғарда моншада тұрып келген көп балалы отбасыға кәсіпкер үй алып берді
Үйлену тойында қонақтар жаппай уланды – қылмыстық іс қозғалды
Талғарда төрт бала иіс тиіп уланды
Атырау облысында он алты адам сушиден уланды
Кілт сөздер:
улану, монша, Алматы, отбасы
Загрузка...

Басты тақырып