Оқиға

Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала бесінші қабаттан көліктің үстіне құлап түсті

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2021
Жазылу
Бала күтуші оқиға кезінде үйде ұйықтап жатқан, ал бүлдіршіннің анасы Бурабайға демалуға кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтанда соңғы күндері үш бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады, деп хабарлайды елорданың полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бірінші оқиға 25 шілде сағат 17.39-да Күмісбеков көшесіндегі үйде болды.  Төрт жасар бала орындық арқылы терезеге мініп, 5-ші қабаттан автокөлік үстіне құлаған. Бүлдіршін түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полицияның ақпаратынша, бала күтуші бұл уақытта үйде ұйықтап жатқан. Ал анасы Бурабайға демалуға кеткен.

Дәл сол күні кешкі 19.30-да алты жасар қыз екінші қабаттың терезесінен кіреберістің маңдайшасына құлады. Баланың әкесі бұл кезде далада жүрген. Оқиға Қосшығұлұлы көшесінің бойындағы үйде болды.

Тағы оқыңыз: Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді

26 шілде аудандық полиция бөліміне ауруханадан 5 жасар бала түсті деген хабар келді.

"Тексеріс барысында түнгі бір шамасында кішкентай қыздың Кубрин көшесіндегі үйде үшінші қабаттың терезесінен құлап түскені анықталды. Ол түрлі жарақатпен жансақтау бөліміне жатқызылды. Ата-анасы бұл уақытта үйде болған, бала өз бөлмесіндегі ашық тұрған терезеден құлап кеткен", - делінген хабарламада.

Полицияның ақпаратынша, жыл басынан бері қалада 18 бала көпқабатты үйлердің терезесінен құлады, біреуі көз жұмды.

Тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

Жаңалықтар
0