Әлем

Жасөспірім кішкентай қарындасын терезеден лақтырып жіберді

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Жазылу
Құқық қорғау органдары баланың психикалық ауытқуы бар екенін айтты. Трагедия ата-анасы байқамай қалған кезде болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Ресей астанасы Мәскеу тұрғыны жаңа туған қарындасын терезеден лақтырып жіберді. 

Қаланың тергеу комитеті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "абайсызда адам өлтіріп алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"11 шілде күні Левобережная көшесі бойындағы тұрғын үй маңында сәбидің денесі табылды. Ол биіктіктен құлаған", - деді тергеу комитеті.

Алдын ала анықталған ақпарат бойынша анасының өз жұмыстарына көңілі бөлінген сәтте 13 жасар бала сәбимен бір бөлмеде қалып қойған. Жасөспірімнің психикалық ауытқулары болған.

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Болған жағдай толықтай зерттелуде. Балалардың ата-анасы мен куәгерлерден жауап алынып жатқаны айтылды.

Сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.

Жаңалықтар
0