Өңірлер

Оралда өгей қызын зорлаған педофилдің анасы кінәні келініне жапты

© AP Photo / Dieu Nalio CheryНаручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Жазылу
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Оралда сот педофил әкеге кесілген үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Айта кетейік, 13 жастағы өгей қызына азғындық жасаған 34 жастағы жігіт 20 жылға сотталған болатын. Бірақ сотталушы мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Судьяның айтуынша, сотталушының кінәсі жәбірленуші мен куәгерлердің сөзімен және бірнеше сараптама нәтижесімен толық дәлелденген.

"Әділ үкім шығарған сотқа алғысымды айтқым келеді. Тергеу ісіне де көңілім толады", - дейді жәбірленуші Самира Дусталиева.

Ал сотталушының анасы үкіммен келіспейтінін айтады. Оның сөзінше, келіні баласына жала жауып, осының бәрін қасақана ұйымдастырған.

Оралдағы сұмдық: оқушы өгей әкесі жіберген аудио хабарламаны анасына көрсеткен  

"Келінім ұлымның қымбат көлігін сатқаннан түскен ақшаны алғысы келді. Бірақ ұлым ақшаны бермеген соң осының бәрін әдейі ұйымдастырды. Осыған дейін өткен сотта ол күйе жағып, жеңіп шықты. Сот үкімімен келіспеймін, қажет болса Жоғары сотқа да барамын", - дейді сотталушының анасы Айсұлу Аймағамбетова.

Жаңалықтар
0