Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімдігі қоғамдық орындарға барған науқастардың тізімін жариялады

© Sputnik / Тимур БатыршинАэропорт. Ashyq
Аэропорт.  Ashyq - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанның коронавирус жұқтырған 18 тұрғыны "Ashyq" жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандарға кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты Ashyq жүйесінде "қызыл" статусы бола тұра оқшаулау тәртібін бұзғандардың тізімін жариялады.

"Елордада 18 тұрғынға үйде оқшаулау тәртібін бұзғаны үшін Қазақстан ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті көздейтін хаттама жасалды, тиісінше 87 510 теңге (30 АЕК) айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Әкімдік ПТР тесті оң нәтиже көрсеткендер қоғамдық орындарға барып, "Ashyq" жүйесі арқылы жұмыс істейтін нысандар қызметін пайдалануға тырысқанын атап өтті.

Оқи отырыңыз: Алматыда коронавирусты қасақана жұқтырмақ болғандар қашып құтыла алмады 

Елорда билігі үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырды.

"Эпидемиологиялық тәртіпті сақтау – әрбір адамның азаматтық міндеті. Бұл өзіңіз үшін ғана емес, балаларыңыздың  және бүкіл қоғамның денсаулығы, өмірі мен әл-ауқаты үшін жауапкершілік", - деп мәлімдеді әкімдік.

Нұр-Сұлтанда "қызыл" статусы бола тұра 14 күндік үй карантинін бұзғандардың тізімін әкімдіктің ресми сайтынан көруге болады.

Жаңалықтар
0