06:00 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6069 0 0

Коронавирус жұқтырған науқастар ХҚКО мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған. Олар "қызыл" мәртебе анықтала салысымен қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Алматыда коронавирусты өзге азаматтарға қасақана жұқтырмақ болған науқастардың аты-жөні жария болды. Амбулаториялық ем алып жатқан сырқаттар өзін-өзі оқшаулау құжатына қол қойған.

Соған қарамастан жұқпалы дертке шалдыққандар қалада емін-еркін серуендеп, мейрамханаларға да кірмек болыпты. Санитарлар сондай 80 адамның тізімін сайттарында жайып салды. Тізімде аты-жөні толық жазылған, деп хабарлады КТК.

Төңірегіне қауіп төндіргендердің тізімінде банкирлер, ұялы байланыс компаниялары мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметкерлері бар. Мәліметтерге қарағанда індет жұқтырғандар Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен фитнес залдар, мейрамхана мен әуежай, тіпті ірі сауда үйлеріне кірмек болған.

"Алдыңызда екі таңдау тұр": Елорда әкімі астаналықтарға үндеу жасады

Аурудың таралып кетпеуіне "Ашық" көмектескен. СЭС мамандары үйінде оқшауланып ем қабылдап жатқан басқа сырқаттарға осы сабақ болады деп сенеді. Себебі тізімдегілерге өзгелерге қауіп төндіретіндігі туралы ескертілген. Сол үшін арнайы құжатқа қол да қойыпты. Сырқаттардың әрқайсысына 87 510 теңге айыппұл салынды.

Мамандар тізім әлі толық емес дейді. Өйткені бір айдың ішінде талапты 400-дей науқас бұзған "Қызыл" мәртебе екені анықтала салысымен қоғамдық орыннан қашып кетсе де, бүкіл ақпарат жүйеде сақталып қалады. Сондықтан жазадан ешкім құтылып кетпейді.

"Ашық" "қызыл" белгі көрсеткен бойда науқастар қарасын батырған. Ол туралы мәлімет базада сақталып қалды. Сол арқылы тауып, айыппұл салдық. Қазір 80 адам кінәсін мойындады. Қалған жағдайлар бойынша әкімшілік іс жүріп жатыр", - дейді Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті директорының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Кілт сөздер:
коронавирус, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып