Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Сәтті кадр: Алматыда қай жерде суретке түсуге болатынын білесіз бе – фото

Жазылу
Алматы – еліміздің мәдени, тарихи және қаржы орталығы. Алматыны айтқан кезде бірден ойға келетін жер көп. Бірі қаланы алмамен, бірі биік тауларымен байланыстырса, енді бірі тіршілігі қайнаған қызу өмірмен байланыстырады

Әрбір алматылық қалаға келген қонаққа қала ортасында тұрған бөлек әлем – ботаникалық баққа, тауларға қол созым жерде тұрған Тұңғыш президент паркіне барып, ескі әрі жаңа ғимараттарды көруге кеңес береді.

Күнделікті өмірді әлеуметтік желі арқылы көрсететін уақытта фотоға түсуге болатын көрікті жерлерді іздейтін адам да көп. Мың бояулы қаланың әр бұрышында ерекше фото жасауға болады. Осындай орындар туралы Sputnik Қазақстан материалынан біле аласыз. 

© Sputnik / Тимур Батыршин1932 жылы құрылған Ботаникалық бақ 2019 жылы жөндеуден өтті. Бір жылға жалғасқан жаңарту жұмыстарынан кейін бақ іші жаңаша түрге енді. Жол жөнделіп, демалуға арналған орындықтар қойылды. Тіпті шағын көлшік пайда болды.
Лето в Алматы - Sputnik Қазақстан
1/18
1932 жылы құрылған Ботаникалық бақ 2019 жылы жөндеуден өтті. Бір жылға жалғасқан жаңарту жұмыстарынан кейін бақ іші жаңаша түрге енді. Жол жөнделіп, демалуға арналған орындықтар қойылды. Тіпті шағын көлшік пайда болды.
© Sputnik / Тимур БатыршинЖалпы аумағы 103,6 гектар аумақтағы бақта фотоға түсуге болатын жер жетерлік. Қаз-қатар тұрған ағаштар да, арнайы фотоға түсу үшін жасалған арка да сән беріп тұр. Тек аздап қиялды қосса жеткілікті.
Лето в Алматы - Sputnik Қазақстан
2/18
Жалпы аумағы 103,6 гектар аумақтағы бақта фотоға түсуге болатын жер жетерлік. Қаз-қатар тұрған ағаштар да, арнайы фотоға түсу үшін жасалған арка да сән беріп тұр. Тек аздап қиялды қосса жеткілікті.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚала тұрғындары мен қонақтары саябақ ішіндегі орындықтарда да әдемі фото түсіре алады. Оған жайқалған ағаштар реңк береді
Алматы - Sputnik Қазақстан
3/18
Қала тұрғындары мен қонақтары саябақ ішіндегі орындықтарда да әдемі фото түсіре алады. Оған жайқалған ағаштар реңк береді
© Sputnik / Тимур БатыршинКөктем шыға демалыс сайын қала тұрғындары дәл осы баққа келуге асығады. Себебі мұнда таза ауада қаланың дәл ортасында отырып күйбең тіршіліктен тынығуға мүмкіндік бар
Алматы - Sputnik Қазақстан
4/18
Көктем шыға демалыс сайын қала тұрғындары дәл осы баққа келуге асығады. Себебі мұнда таза ауада қаланың дәл ортасында отырып күйбең тіршіліктен тынығуға мүмкіндік бар
© Sputnik / Тимур БатыршинҚала тұрғындары үшін тағы бір ерекше жер – тұңғыш президент паркі. Қаланың жоғары жағында орналасқан саябақтан тау ерекше көрінеді.
Алматы - Sputnik Қазақстан
5/18
Қала тұрғындары үшін тағы бір ерекше жер – тұңғыш президент паркі. Қаланың жоғары жағында орналасқан саябақтан тау ерекше көрінеді.
© Sputnik / Тимур БатыршинТұңғыш президент паркінің күз кезіндегі келбеті
Алматы - Sputnik Қазақстан
6/18
Тұңғыш президент паркінің күз кезіндегі келбеті
© Sputnik / Тимур БатыршинӘл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан бұл саябақ 2010 жылы ашылған. Бұл жерде жыл сайын алма көрмесі мен спорттан жарыстар өтеді. Ал жастар "мұнара" маңында фотосессия жасап, Lovestory түсіреді
Алматы - Sputnik Қазақстан
7/18
Әл-Фараби мен Науаи көшелерінің қиылысында орналасқан бұл саябақ 2010 жылы ашылған. Бұл жерде жыл сайын алма көрмесі мен спорттан жарыстар өтеді. Ал жастар "мұнара" маңында фотосессия жасап, Lovestory түсіреді
© Sputnik / Тимур БатыршинҚала тұрғындары арасында танымал жердің бірі – Нұрлы тау ғимараты. Әл-Фараби көшесінде орналасқан бұл бизнес орталық қабырғасының әйнектен жасалғанымен ерекшеленеді
Алматы  - Sputnik Қазақстан
8/18
Қала тұрғындары арасында танымал жердің бірі – Нұрлы тау ғимараты. Әл-Фараби көшесінде орналасқан бұл бизнес орталық қабырғасының әйнектен жасалғанымен ерекшеленеді
© Sputnik / Тимур БатыршинҚазақ-Британ техникалық университеті. 1957 жылы құрылысы аяқталған бұл ғимарат бір кездері ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Үкімет үйі болды. Төле би көшесінде орналасқан ғимарат әлі күнге дейін келбеті мен маңызын жоғалтпаған
Алматы  - Sputnik Қазақстан
9/18
Қазақ-Британ техникалық университеті. 1957 жылы құрылысы аяқталған бұл ғимарат бір кездері ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің Үкімет үйі болды. Төле би көшесінде орналасқан ғимарат әлі күнге дейін келбеті мен маңызын жоғалтпаған
© Sputnik / Тимур БатыршинЕскі мен жаңа үйлесім тапқан бұл ғимарат маңында қала тұрғындары фотоға түскенді ұнатады.
Алматы - Sputnik Қазақстан
10/18
Ескі мен жаңа үйлесім тапқан бұл ғимарат маңында қала тұрғындары фотоға түскенді ұнатады.
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматылық бойжеткен Қазақ-Британ техникалық университеті алдындағы субұрқақта фотоға түсіп жүр.
Алматы - Sputnik Қазақстан
11/18
Алматылық бойжеткен Қазақ-Британ техникалық университеті алдындағы субұрқақта фотоға түсіп жүр.
© Sputnik / Тимур БатыршинАбай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимары алыстан мен мұндалап тұр.
Алматы - Sputnik Қазақстан
12/18
Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимары алыстан мен мұндалап тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинБойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.
Алматы - Sputnik Қазақстан
13/18
Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинБойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.
Алматы - Sputnik Қазақстан
14/18
Бойжеткен Абай атындағы опера театры маңында фотоға түсіп тұр.
© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы ерекше көшелердің біріне композитор Мұқан Төлебаевтың аты берілген. Мұнда бір кездері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов секілді жазушылар мен Дінмұхамед Қонаев тұрған.
Алматы - Sputnik Қазақстан
15/18
Алматыдағы ерекше көшелердің біріне композитор Мұқан Төлебаевтың аты берілген. Мұнда бір кездері Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов секілді жазушылар мен Дінмұхамед Қонаев тұрған.
© Sputnik / Тимур БатыршинОрталық гүлзардағы субұрқақ
Алматы - Sputnik Қазақстан
16/18
Орталық гүлзардағы субұрқақ
© Sputnik / Тимур БатыршинАстана алаңына қарама-қарсы орналасқан орталық гүлзар ішінде жастар махаббаттың белгісі ретінде құлыпты бекітіп, кілтін суға тастайды. Дәл осы жерде субұрқақ жанында фотоға түсуге мүмкіндік бар.
Алматы - Sputnik Қазақстан
17/18
Астана алаңына қарама-қарсы орналасқан орталық гүлзар ішінде жастар махаббаттың белгісі ретінде құлыпты бекітіп, кілтін суға тастайды. Дәл осы жерде субұрқақ жанында фотоға түсуге мүмкіндік бар.
© Sputnik / Тимур БатыршинҚалада адам көп жиналатын жердің бірі – Арбат. Мұнда қаланың қызу тіршілігін көрсетіп, ары-бері өткен адамдар мен жұмыстан кейін демалып отырғандар арасында фотоға түсуге болады.
Алматы - Sputnik Қазақстан
18/18
Қалада адам көп жиналатын жердің бірі – Арбат. Мұнда қаланың қызу тіршілігін көрсетіп, ары-бері өткен адамдар мен жұмыстан кейін демалып отырғандар арасында фотоға түсуге болады.
Жаңалықтар
0