Бесінші буындағы жаңа жойғыш ұшақ таныстырылды – видео

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуПодготовка к открытию МАКС-2021
Подготовка к открытию МАКС-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2021
Жазылу
Ресейлік алғашқы бір қозғалтқышты жеңіл тактикалық жойғыш ұшағының жылдамдығы жоғары (2 Махтан астам), маневрлігі айрықша, радиолокация бойынша көзге түсу деңгейі төмен, ұшу салмағы – 18 тонна

Ресейдің "Ростех" мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әуе-ғарыш салоны – 2021 көрмесінде шетелдік әріптестердің назарына ерекше сипаттамасы бар жаңа жойғыш ұшақты ұсынды.

Бесінші буынға жататын "Сухой" компаниясының жеңіл көп мақсатты ұшағы авиасалон сенсациясына айналатын түрі бар. Күні кеше "Ростех" жаңа ұшақтың пішіні, аспаптар панеліндегі элементтер бейнеленген видео мен фотоны жариялады.

Ресейлік алғашқы бір қозғалтқышты жеңіл тактикалық жойғыш ұшағының жылдамдығы жоғары (2 Махтан астам), маневрлігі айрықша, радиолокация бойынша көзге түсу деңгейі төмен, ұшу салмағы 18 тонна екені және қозғалтқыш тартқыш күшінің ауытқу векторы есебінен ұшу-қону мүмкіндіктері жақсартылғаны белгілі болды.

Қарулануы – классикалық зымыран-зеңбіректі, зымырандар ішкі орындарда және сыртқы аспаларда орналаса береді. Гипердыбысты зымырандар таяу ғарыштағы нысандарды да жоя алады. "Сухойдың" жаңа техникасын дайындау барысында Су-57 ұшағына ұқсас технологиялық мүмкіндіктер қолданылған.

Жаңа машина басым деңгейде экспорт нарығына бейімделген. Демо-роликте Аргентина, Вьетнам, Біріккен Араб Әмірліктері, Үндістан өкілдері көзге түсті. Ресей мен БАӘ төрт жыл бұрын жеңіл жойғыш ұшақты дайындау қарастырылған келісімге қол қойған болатын. Ол ұшақ ашық платформа рөлін атқарып, кез келген буынға жататын машинаны орналастыру мүмкіндігі жүзеге асуы тиісті болды.

Су-57 ұшағының бюджеттік нұсқасы ретінде көп мақсатты бір моторлы жойғыш аппарат бірқатар елдің қызығушылығына ие болатыны анық. Оған бүгін Жуковский қаласында өтетін халықаралық көрмеге әлемнің 65 елінен келетін 120 делегацияның да септігі тиетіні сөзсіз.

Жаңа жойғыштың техникалық сипаттамалары жайында толық әрі ашық ақпарат ұсынылған жоқ. Алада көзге түсу мүмкіндігінің төмендігі, жүк көтерімділігінің жоғарылығы, жауынгерлік жүктемесі, авиациялық жою құралдарының озық кешені, басқарылатын және ұшқышсыз ұша алатын мүмкіндіктерінің өзі мамандардың жоғары баға беруіне жеткілікті болып отыр.

Прямая линия с президентом РФ Владимиром Путиным - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Путин Ресей мен Украинаның қарым-қатынасы туралы айтты
Әскер қатарында соққы жасауға арналған басқарылатын ұшақ пен ұшқышсыз техниканың пайда болуы жауынгерлік авиацияның стратегиясы мен тактикасын өзгертуге алып келетін секілді. Басқарылатын жойғыш ұшақ конфигурациясы бойынша ұқсас дрондар құрамында шабуыл жасайды. Ұшу аппараттарының арасында ақпарат алмасу жүріп отырады. Крейсерлік жылдамдық қауіпті бағытта жауынгерлік ұшақ санын жылдам арттыруға мүмкіндік береді. Қарсыластың техникасына қатты жақындаған сәтте үздіксіз оқ жаудыру арқылы қарсы соққының ықтималдылығын төмендетеді.

Ал ұшқышсыз ұшу техникасының жасанды интеллекті бағытты анықтап, барлау жүргізеді және басқарылатын машинаны қарсыластың жойғыш ұшақтары мен әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс құралдарынан қорғайды. Жаңа буынға жататын радиоэлектронды күрес жүйесі қосымша қорғанысты қамтамасыз етеді.

Бір моторлы жойғыш ұшақтар әлемдегі жауынгерлік ұшақтардың аз бөлігін құрайды және екі моторлы машиналарға қарағанда техникалық қызмет көрсету мен пайдалану шығындары әлдеқайда төмен техника болып саналады. Жаңа ресейлік жойғыш машина экспорттық нарыққа бағытталады деп күтілуде және америкалық F-35A және қытай J-10C ұшақтары оның басты бәсекелестері болады. Бұл жаңа "Сухой" машинасының әлеуетті экспорттаушылары қатарында Беларусь, Мысыр, Иран, Үндістан тұр.

Техникалық сипаттамасы әзірше құпия болып отырған ұшақты The Drive басылымы "көзге түсу деңгейін төмендету мейлінше жоғары мүмкіндіктермен орындалған" деп сипаттаса, Military Watch журналы ресейлік машинаның артқы қосақталған және сыртқа қарай қиғашталған тіреуіші америкалық F-35 ұшағына ұқсас екенін жазды. Алайда ресейлік машина көлемі шағын әрі пайдалану шығыны төмен ұшақ болып отыр. Сондықтан жаңа ұшақ Ресейдегі МиГ-29 паркін толық алмастыра алады деген болжам жасалды.

Жаңалықтар
0