Қоғам

Бәсекелестікті қорғау агенттігі дизельді отын қымбатшылығын ауыздықтауға уәде берді

© Sputnik / Тимур БатыршинАвтозаправочная станция, архивное фото
Автозаправочная станция, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Қазақстанның өңірлерінде дизель отынына баға мамырдан бастап өскен

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Елімізде бірнеше жанармай құю станциялары дизель отынына бағаны төмендетеді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі жүргізілген талдау қорытындысы бойынша дизель отыны бағасының өсуі алыпсатарлық сипатқа ие екенін анықтады.

Бұған дейін мамыр айынан бастап еліміздің оңтүстігінде дизель отынына бағаның өскені туралы хабарланған болатын.

"Осыған байланысты, 19 жанармай құю станцияларына дизель отынына бағаны төмендету арқылы сөз байласу белгілерін жою қажеттілігі туралы хабарлама жіберілді. Хабарламаны орындау мерзімі оны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күнді құрайды. Хабарламаны орындамау монополияға қарсы тергеу жүргізуге негіз болады", - делінген хабарламада.

Бұл хабарламаны нарық субъектілерінің көпшілігі мерзімінен бұрын орындады және бағаны төмендетуге дайын екенін хабарлады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында әр литр бағасы 2-ден 5 теңгеге дейін төмендетілді.   

Оқи отырыңыз: Министр картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты

Сондай-ақ, Qazaq Oil, Gas Energy бағаның оңтүстікте ғана емес, еліміздің басқа да бірқатар өңірлерінде төмендегені туралы хабарлады. Ал Гелиос және Sinooil-ға жіберілген хабарламаларды орындау мерзімі әлі бар. Сонымен қатар осы жылдың 1 шілдесінен бастап дизель отынына акциз бағасы тоннасына 540 теңгеден 9 мың 300 теңгеге дейін көтерілгенін атап өту қажет, бұл фактор кейін бағаға әсер етуі мүмкін.

Жаңалықтар
0