Қоғам

Министр картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинОвощной рынок
Овощной рынок  - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Бұдан бұрын сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз тапшылығы қалай шешілетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов картоп пен сәбіз қашан арзандайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Көрші Өзбекстанда да сәбізбен осындай проблема болды. Шын мәнінде, бізде қалыптасқан баға біздің импорттауымыздан пайда болды, өйткені көрші Өзбекстан да, көрші Ресей де сұраныс тудырды. Қазір біз картоп бағасы біртіндеп төмендеп жатқанын көріп отырмыз. Күз кезінде ол айтарлықтай түседі деген болжам бар", - деді Сұлтанов брифингте.

Айтуынша, қазір сәбіз бойынша да дәл осындай жағдай қалыптасқан.

"Биыл сәбіз бүкіл жерде аз шықты, дұрысын айтсақ, егіс алқаптары қысқарды", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Ақсақалов картоптың қымбаттауына не себеп болғанын айтты

Қазақстанда маусымаралық кезеңде картоп пен сәбіз бағасы шарықтап кетті. Картоптың "отаны" саналатын Солтүстік Қазақстанда бұл өнімнің бір келісі 500 теңгеге жеткен болатын. СҚО әкімі Құмар Ақсақалов шаруалар өз шығындарын ақтау үшін біраз өнімін сыртқа сатып жібергендіктен, картоп қымбатшылығы туындағанын түсіндірген еді.

Кейбір өңірлерде сәбіздің бір келісі 700-800 теңгеге де жеткен.

Жаңалықтар
0