Өңірлер

Шина жарылған: Павлодарда ер адам жұмыс орнында ажал құшты

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Еңбекті қорғау ережелерін бұзғаны үшін кінәлілер бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде — Sputnik. Павлодарда дөңгелек жөндейтін орталықтардың бірінде жүк көлігі дөңгелегінің жарылуы салдарынан бір жұмысшы қайтыс болды, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"16 шілде күні сағат 13.00-де Павлодар қаласының Жібек жолы көшесі бойында орналасқан дөңгелек жөндейтін шеберханада жүк көлігінен дөңгелекті алу барысында ол жарылып кеткен. Салдарынан 38 жастағы жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-бөлігі ("Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз: Материалдар үстіне құлады: Алматыда құрылыс алаңында оқыс жағдай болды

Аталған бап бойынша кінәлілер белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін Алматы облысында 30 тонналық цистернаны тазарту кезінде екі ер адам бензин буынан уланып қалған, деп хабарлаған болатын төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Бұл қайғылы оқиға 13 шілде күні Нарынқол ауылына жақын орналасқан жұмыс істемейтін жанармай бекетінің аумағында болды.

Жаңалықтар
0