Оқиға

Материалдар үстіне құлады: Алматыда құрылыс алаңында оқыс жағдай болды

© AFP 2024 / JOHN MACDOUGALLСтроящийся ЖК в Астане, архивное фото
Строящийся ЖК в Астане, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Полиция оқиғаға қатысты тергеу бастады, құрылыс компаниясы марқұмның отбасына көмек көрсетеміз деп сендірді

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым - Sputnik. Алматыда құрылыс алаңында қайғылы жағдай орын алды. Жұмысшыны құрылыс материалдары басып қалды.

Құрылыс материалын оныншы қабатқа көтеру жұмыстары кезінде ол ер адамның үстіне құлап кетті, деп хабарлады "Астана" телеарнасы. Ер адам алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Құрылыс компаниясында мерт болған адамға қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық берілгенін және ол барлық жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілгенін айтты.

Қазір болған оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.

BI GROUP компаниясы өлімге басқа адамдардың қатысы болып-болмауы анықталып жатқанын айтты. Сондай-ақ еңбек департаментінің қызметкерлері тергеу жүргізуде.

"Біздің компания бұл қайғылы оқиғаны ерекше бақылауына алып, марқұмның отбасына барлық қажетті көмекті көрсетеді", - делінген компания хабарламасында.

Полиция жұмысшы қайтыс болғаннан кейін қылмыстық іс қозғады.

Жаңалықтар
0