АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Жақында желіде әнші Тамара Асардың тұрмыс құрғаны жайлы ақпарат тарады. Соған байланысты әнші жеке парақшасында жазба жариялап, құттықтау жолдап жатқан тыңдармандарына алғыс айтты.
Тамара Асар тұрмыс құрғанын не себепті бірден жарияламағанын да түсіндірді.
"Адамның бақыты өз жүрегінде, ой-сезімінде. Отбасы, ошақ қасында. Ауылдағы анамыз біз үйленген кезде, "бақытты өз бойларыңа әбден сіңдіріп алып, кештеу жариялаңдар", - деді. Сосын хабарлауды кейінге қалдырғанбыз...", - деп жазды әнші.
Сондай-ақ тұрмыс құрған ер азаматы туралы айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, мені көзбен бағындырып, іспен сағындыратын, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей "мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек" деген ойға тоқтадым", - дейді ол.
Оқи отырыңыз: Актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты
"Алламыздың қалауымен, әкеміздің батасымен, шешеміздің рұқсатымен, екеуміздің "биссиміллә" нар тәуекел шешімімізбен бұйырымыс осылай болды. Құрметті оқырмандар, достар, әріптестер, туыстар, жаудырған жақсы тілектеріңізге рақмет", - деп түйіндеді әнші.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Айгүл Елшібаева әлеуметтік желідегі парақшасында Тамара Асардың күйеуімен бірге түскен фотосын жариялады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram