НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Қазақстандық актриса Сая Оразғалиева тұрмысқа шықты.
33 жастағы актрисаның жұбайының есімі – Ілияс Иминов. Той Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Бұған дейін мамыр айында олар мешітте некесін қидырған болатын.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келгендердің ішінде әншілер Луина, Кентал, Рано Омарова, актриса Жәния Журинская, тележүргізуші Марат Оралғазин бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сая Оразғалиева екі жыл "Shine" тобының әншісі болды. Актриса ретінде алғаш рет "Жаным-2" сериалында өзін сынап көрген, бірақ ол "Вузеры" телесериалындағы Айсұлу рөлімен көпшілікке танылды.
Бұған дейін тұрмыста болған, Радмир есімді ұлы бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram