Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда бұқа ер адамды сүзіп өлтірді

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиБык, забодавший мужчину до смерти
Бык, забодавший мужчину до смерти - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға бақташы мал үйірін қараусыз қалдырған сәтте болған. Сол сәтте өгіздің бірі үйірден шығып, жақын маңда балық аулап отырған ер адамға тап берген

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында үйірінен қашып кеткен бұқа ер адамға тап беріп, оны сүзіп өлтірді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Оқыс оқиға Ақжар ауданында болған. Симментал тұқымына жататын өгіз өзен жанында 67 жастағы балықшыға шабуыл жасаған.

"Мал үйірін уақытша қараусыз тастап кеткен бақташы қайта оралғанда жараланған ер адамды көрген. Дене жарақатын алған ауыл тұрғыны аудандық ауруханада көз жұмды", - деді полицияда.

Полицияда атап өткендей, бұл жағдай қараусыз қалған малдың қаншалықты қауіпті екенін дәлелдеп отыр. Бақташы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 408-бабы 2-бөлімі бойынша мал бағу ережелерін бұзудың адам денсаулығына залал келтіруін әкеп соғуы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Атап өтсек, бұл құқық бұзушылық үшін он айлық есептік көрсеткіш көлемінде (29 170 теңге) айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері осы бап бойынша 229 хаттама толтырылды.

Оқи отырыңыз: Сиырларды қағып кеткен: Алматы облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

"Иелері анықталғанға дейін 3 225 бас мал арнайы қораға жабылды. Осыған байланысты облыс тұрғындарын заңнама талаптарын сақтауға, малды өз бетімен жібермеуге және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз", - деді жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Айдын Байматов.

Сонымен қатар дәл осы күні Есіл ауданында 60 жастағы ер адам аттан құлап көз жұмды.

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері екі факті бойынша тексеру жүргізді. Оқиғаның қылмыстық сипаты жоқ екеніне көз жеткізу үшін арнайы сараптамалар тағайындалды.

Жаңалықтар
0