НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде - Sputnik. НАТО Қара теңізден кетпейтіні, керісінше, Ресей аймақтық суларының жанындағы іс-әрекетін одан әрі күшейте беретінін анық аңғартты, деп жазды РИА Новости.
НАТО бас хатшысының Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия елдері бойынша арнайы өкілі Джеймс Аппатурайдың айтуынша, Солтүстікатлантикалық альянс одақтастары мен серіктестеріне қолдау көрсету үшін Қара теңізде қала береді.
"Кеме қатынасының еркіндігіне және Қырым – бұл Ресей емес, Украина екендігіне қатысты НАТО-ның ұстанымдары берік. Дефендер эсминеціне қатысты жағдайда НАТО одақтастары осы принциптерді қорғауда табандылық көрсетті", - деді Аппатурай.
Ал Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб "ағылшын әскери кемелері Украинаның аймақтық суларына кіруді жалғастыра беретінін" хабарлады. Ол шекараны бұзған эсминец бағдарын Одессадан грузиндердің Батумиіне жеткізетін ең қысқа халықаралық жол деп атады.
Соған қарағанда НАТО елдері әскери-әуе күштерінің әлі бірқатар арандатушылық әрекеті болуы мүмкін. Кремль де өз кезегінде Рааб мәлімдемесіне қатысты жауап қайтарды. РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков теңіздегі мемлекеттік шекараны алдын ала келіспестен кесіп өткен жағдайда Мәскеу тиісті шара қабылдайтынын жеткізді.
Айта кету керек, Дефендер британдық эсминецінің әрекетін голландтар да қайталап көрмек болды. Ресейдің қорғаныс министрлігі ұсынған ақпарат бойынша, Нидерландының Evertsen ВМС фрегаты бейтарап суларда бағытын күрт өзгертіп, Керчен бұғазына қарай жылжыды. Осыған байланысты ресейлік әскери-ғарыш күштерінің ұшақтары ескерту ретінде кеме жанына оқ атты.
Алайда голландиялықтар "жойғыш ұшақтар бірнеше сағат бойы соққы жасағанын" және әуе кемелерінде "әуе – үстіңгі бет" тобындағы зымырандар болғанын айтып айып тақты. Ресейдегі Әскери ғылымдар академиясының тілшісі Сергей Судаков Британия мен НАТО-ның басқа елдері үшін қазір Ресеймен текетіресті жалғастыру маңызды екенін айтты.
Соңғы жылдары НАТО-ның Қара теңіз аймағындағы қатысуы айтарлықтай артты. Альянс кемелері мұнда ауқымды оқу-жаттығулар өткізіп келеді. НАТО одақтастарының қатарында Грузия мен Украина бар. Жылғы қақтығыстан кейін грузин әскери-теңіз күштері құрдымға кеткені белгілі. Бүгінде НАТО мен АҚШ грузин флотына қайта жан бітіруді көздеп отыр. Түркия Тбилисиге жедел патрульдік катер берсе, америкалықтар тағы екі катерді қалпына келтіруге көмектесіп, Жағалау күзетіндегі қаруланудан шығарылған тағы екі катерді ұсынды. Сонымен қатар Вашингтон грузин жүзу құралдарын жаңғыртуға бірнеше миллион доллар бөлді.
Украина флотының да жағдайы мәз емес. 2014 жылы онсыз да құрамы шағын әскери-теңіз күші соғысқа жарамды кемелерсіз қалды. Бағалау бойынша әлеуетінің шамамен 80 процентінен айырылды. Бүгінде Украинаның әскери-теңіз күшінде 30-ға жуық кеме болғанымен, оның тек бірен-сараны ғана жүзуге қауқарлы.
Жалпы НАТО грузиндерге қарағанда украин әскери-теңіз күшіне көп көмек көрсетіп отыр. Америкалықтар одақтастарының флотын Mark VI 16 бірлік патрульдік катерімен жне бұрын қолданыста болған екі Island кетірмен күшейтуге уәде етті.
Қалай болғанда да өңірдегі Ресейдің Қара теңіз флоты да қуатты жасақтың қатарында. Соңғы жылдары бұл құрылым түбегейлі түрленіп, әскери-теңіз флотындағы соғысуға қабілетті флот екені белгілі.
Бұл шамамен 260 кеме, катер, суасты қайығы мен қамсыздандыру кемесі. Су үстіндегі шабуылдау кемелерінің саны 70 біолікке жуықтайды. Олардың қатарында авиатасымалдаушы топтардың көзін жоюға арналған "Москва" флагмандық зымыран крейсері де бар.
Флотқа бұрын жетекшілік еткен адмирал Владимир Комоедовтың айтуынша, 20 жыл бұрын жағдай мүлдем басқа болған: ресейлік құрылым қуаты жағынан түрік флотынан бес есе әлсіз болды және Жерорта теңізіндегі НАТО топтарының әлеуеті он немесе жиырма есе жоғары болған.
"Мені ол қызметке тағайындаған кезде флотта бір жарым суасты қайығы – бір "Варшавянка" және тағы бір 641 жобасының кемесі болды және ол жөндеуде жатты. Ал қазір кеме саны жеткілікті және олар заманауи оқ-дәрімен жабдықталған", - деді адмирал.