АҚШ кемелері Қара теңіз аумағына кіруін тоқтата ма?

© AP Photo / Ford WilliamsЭсминец "Портер"
Эсминец Портер - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.02.2021
Жазылу
Пентагонның авиация және флот күштерінің Ресей жағалаулары маңындағы маневрлеріне белсенді қарсы тұруы - Ресей Федерациясы қауіпсіздігінің талабы

28 қаңтарда осымен екінші рет америкалық "Портер" эсминеці Қара теңіз аумағына кірді. Оны Қара теңіз флотының күштері мен құралдары және Ресейдің әуе-ғарыш күштері тез анықтады. 30 қаңтардағы оқу-жаттығулар кезінде сегіз жойғыш пен бомбалаушы ұшақтар Қырым мен Краснодар өлкесіндегі авиабазалардан әуеге көтеріліп, Қара теңіздің батыс бөлігіндегі кемеге шартты түрде зымыранмен бомбалау шабуылын жасады. Ал америкалықтармен одақтас Болгария мен Румынияның әскери-әуе күштері жауынгерлік әрекет етуге үлгермей де қалды. Айта кету керек, "Портер" 23 қаңтарда Ресей әуе-ғарыш күштерімен шартты түрде жойылған "Дональд Кук" эсминецімен бірлескен іс-шараларға бағыт алған болатын.

Ресей мен АҚШ СНВ-3 ұзарту туралы келісімге келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.01.2021
Видео
Ресей мен АҚШ маңызды келісімге келді – видео
Ресейдің Сыртқы істер министрлігі Қара теңіз елдері қатарына кірмейтін мемлекеттердің әскери кемелерінің Қара теңізде болуы тұрақтылықты нығайтуға ықпал етпейтінін бірнеше рет атап өтті. 28 қаңтарда АҚШ-тың Украинадағы елшілігі Американың "Портер" эсминеці НАТО бойынша одақтастар мен серіктестерді қолдау мақсатында Қара теңіздегі іс-әрекеттерге қатысатынын мәлімдеді. Бұл Монтре конвенциясы шеңберінде халықаралық сулардағы операцияларға да қатысатын көрінеді. Өкінішке орай, АҚШ Әскери-теңіз күштері теңіздердің кейбір бөліктері Ресейдікі екенін мойындамай, жанжалды жағдайды әдейі туғызады. Бұған дейін "Джон Маккейн" эсминеці Ұлы Петр шығанағындағы (Владивосток маңында) Ресей шекарасын бұзып, Тынық мұхит флотындағы "Адмирал Виноградов" атты сүңгуір қайыққа қарсы кеменің көмегімен бейтарап суларға қарай ығыстатылды.

28 қаңтарда Америкалық эсминецтер "Дональд Кук" пен "Портер" Қара теңізде қайсыбір операция өткізіп, НАТО эсминецтердің пайда болуын Ресейдің "әскери қуатын арттыруымен" түсіндірді. Жағдайды егжей-тегжейлі қарастырсақ."Арли Берк" типіндегі екі зымыранды кеме 120-дан астам алыс қашықтыққа ұшатын және дәлдігі жоғары "Томагавк" қанатты зымырандарын алып жүре алады. Олардың кейбірі ядролық оқтұмсықты болады. Сондай-ақ, эсминецтердің қаруында ASROC суасты қайықтарына қарсы зымырандары, "Стандарт" зениттік зымырандары бар және әскери ақпараттық-басқару аппараттарымен, "Иджис" зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің құрауыштарымен жабдықталған.

Америкалықтардың пікірінше, Ресей шекарасына жақын жерде орналасқан осы арсенал аймақтық тұрақтылықты нығайтуға және НАТО одақтастарымен өзара әрекеттесуді арттыруға қызмет ететін көрінеді.Ал іс жүзінде екі эсминецтің көмегімен Қара теңіздегі тұрақтылықты шайқап, Ресейді қорқыту әрекетін көріп отырмыз.

Қара теңіздегі екі зымыранды эсминеці мен Laramie жанармай құю кемесінен тұратын АҚШ әскери-теңіз күштерінің тобы РФ әуе-ғарыш күштері және әскери-теңіз күштерінің жойғыш және бомбалаушы ұшақтарға, әскери кемелер мен сүңгуір қайықтарға, жағалаудағы зымырандық жүйелер мен ресейліктердің электронды соғыс жабдықтарына арналған оқу-жаттығуларды пысықтауға арналған нысана іспеттес. Барлық күштер мен құралдар тәулік бойы, бір уақытта және үйлесімді түрде жұмыс істейді.

Фрегат Адмирал флота Касатонов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2020
Ресейде жаңа әскери кеме сынақтан өтті
Екі америкалық эсминецтің Ресейге "сапары" аясында ең жаңа зымыран фрегаты "Адмирал Макаров" өзінің орналасқан орнын тастап, теңізде жауынгерлік оқу-жаттығу тапсырмаларын орындады. Оқу-жаттығудың тұжырымдамасына сәйкес, шартты жау кемесі Қара теңіз флотының жағалауындағы нысандарға соққы беруді көздеді. Қарсыластың іс-әрекетін бұғаттай отырып, "Адмирал Макаров" Қара теңіз флотының жағалаудағы зымыран кешендерімен бірлесе отырып теңіздегі соғыс алгоритмдерін орындап, "Калибр-НК" зымыран кешенімен жау кемелерінің шартты түрде көзін жойды.

23 қаңтарда ресейлік әуе соққысын пысықтау барысында Румынияның әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары америкалық "Дональд Кук" эсминецін қорғауға тырысты. Бірақ, кеме шартты әуе-ғарыш күштерінің оқ атуды орындауына дейін-ақ жағалаудағы "Бал" зымыран кешендерінің нысанына айналды. Еске салсақ, "Бал" мобильлдік кешенінің жауынгерлік жинағында 64 бірлікке дейін Х-35 зымыраны бар және ол 280 километр қашықтықта қарсыластың кемесінің күлін көкке ұшыра алады. Шынайы қақтығыс болған жағдайда румыниялық жойғыш ұшақтар АҚШ әскери-әуе күштерінің эсминецтерін қорғай алмас еді.

Соның салдарынан Ресейдің Қырымда орналасқан 400 киломтерге дейінгі қашықтықта нысаналарды дәлдей алатын "Триумф" С-400 әуедегі шабуылға қарсы қорғаныс жүйесінің нысанасына айналатын еді. Ақырында, америкалықтар мен олардың одақтастарына ресейлік Қырымның оңтүстік-батыс жағалауына жақын маңда бірлескен оқу-жаттығулар өткізу жоспарын жоққа шығаруға, ал "Дональд Кук" пен "Портер" эсминецтерінің Украина суларына қарай ығысуына тура келер еді.

АҚШ әскери-теңіз күштерінің PASSEX тиіпндегі екі кемесі мен Украина әскери-теңіз күштерінің катерлік тактикалық тобының бірлескен жаттығулары көзге түспейтіндей тыныш өтті. Украиндік қолбасшылықтың айтуынша, "Қара теңіздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Украинаның әскери-теңіз күштері мен АҚШ әскери-теңіз күштері экипаждарының оқу-жаттығу қабілеті мен үйлесімділігін арттыру арқылы көпұлтты тактикалық топтардың құрамында бірлескен теңіз операцияларын жүргізуді" пысықтаған.

АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады – видео  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.01.2021
Видео
АҚШ-ты ДДҰ-ға қайта қосты. Байден тағы қандай шешім қабылдады – видео
Украинаның суүсті флотының атынан Island  типіндегі бір патрульдік катер және "Никополь" мен "Костополь" атты брондалған екі артиллериялық катер әрекет етті. Бейнебір оқу-жаттығулардың барлық элементтері НАТО стандарттарына сәйкес жоспарланған. АҚШ Әскери-теңіз күштерінің зымыранды эсминец командирі Томас Ралстон алдағы уақытта өтетін "украин флотымен бірлескен дайындықты" асыға күтетінін айтты. Сонда бірлескен теңіз операциялары кезінде аз қаруланған артиллериялық катерлер мен зымыранды эсминецтерді біріктіру технологиялық тұрғыда мүмкін емес екеніне ешкім назар аудармайды ма?

Украина мен Грузия НАТО-ның есігін қағып жатыр. Болгария мен Румынияда әскери инфрақұрылым мен материалдық заттардың қоры, альянс күштерін қабылдау мен жедел орналастыруды ұйымдастыратын жетілдірілген үйлестіру орталықтары құрылуда. Румынияның Câmpia Turzii авиабазасы АҚШ-тың стратегиялық шабуылдау қаруларын орналастыру алаңына айналды.

Қара теңіз аумағына америкалық әскери кемелердің келуі әзірше Монтре конвенциясын бұзып тұрған жоқ және бұл қалыптан тыс әрі таңғаларлық жағдай да емес. Әйтсе де, Ресейдің әскери-теңіз флоты бас штабының бұрынғы басшысы адмирал Виктор Кравченконың пікірінше, мұндай жағдайда Ресей америкалық кемелердің осы аймақта болуын барынша қолайсыз етуі керек. Мұнымен келіспеуге болмайды.

Егер АҚШ пен НАТО-ның стратегиялық ұшақтары мен кемелері бір уақытта Қара теңізде болу уақыты (үш апта), рұқсат етілген тоннаж және әскери кемелердің саны бойынша Монтре конвенциясында көрсетілген шектен асып кетсе де, Ресей "серіктестерін" басымды күштер және құралдармен қарсы алатыны сөзсіз. РФ Қарулы күштері Қара теңіз елдерінің аймақтық тұрақтылығы мен ұлттық қауіпсіздігінің нақты кепілі.

Жаңалықтар
0